Сәрсенбі, Наурыз 3, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Түркістанда полиция әжетхана күзетпегені үшін мұғалімді ұстап әкеткен: Оқиғаның мән-жайы

Оқиғадан соң Полиция бастығы қызметінен шеттетілді

Желтоқсан 14, 2019
Оқиға, Басты жаңалықтар, Қазақстан
qaz.neonomad.kz

Сурет ғаламтордан алынды

Поделиться на Facebook

Түрскістанда бір топ полиция әжетхана күзетпегені үшін мұғалімнің қолын қайырып, әкеткен. Содан кейін полиция бастығы қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі. 

Оқиға 13 желтоқсан күні сағат 10.25 минут өткен кезде болған. Белгілі болғандай, қаладағы Мағжан Жұмабаев атындағы №15 орта мектептің әжетханасы аулада орналасқан. Қауіпсіздік шарасы аясында мұғалімдер кезекпен күзетеді екен. Сол күні 31 жыл өтілі бар денешынықтыру пәнінің мұғалімі Бақыт Кәукеновтың кезегі болыпты. Мектеп директоры Әбдіқадырованың жазуынша, мұғалім аяқ киімінен су өткен соң соны ауыстыру үшін мектеп ғимаратына кіріп кетеді.

«Үнемі өлтіремін деп қорқытады»: Жетісайда балалар өз анасынан қорғауды сұрап жалынды

«Полицейлер үйіңе жібереміз деп видео түсірткен, кінәсін мойындамайды»: Жанболат Ағаділді өлтірді деген күдіктінің адвокаты

Дәл сол кезде Түркістан қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мейірхан бастаған бір топ полиция қызметкерлері мектеп ауласындағы әжетхананы тексереді. Алайда олар кезекшіні таппай, сол жерде шу шыққан. Мұғалімдердің түсініктемесіне қанағаттанбаған полицейлер қарсылық көрсеткен ұстаздың қолын қайырып, бөлімшеге әкетіп қалған.

Бұл туралы шымкенттік блогер Айгүл Орынбек Facebook парақшасында жариялады.

«Мұғалімдер шырылдап көмек сұрап жазыпты. Мұғалімді «кезекшілікте тұрмадың» деп қолын қайырып алып кеткен», – деп жазды ол.

Ол сондай-ақ №15 мектеп директоры К. Әбдіқадырованың хатын қоса тіркеген. Хатта білім ордасында 31 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ұстаз Бақыт Кеукеновты қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мейірхан бастаған бір топ полицей ұстап әкеткені жазылған. Директордың жазуынша, мұғалім аяқ киімінен су өткен соң соны ауыстыру үшін мектеп ғимаратына кірген. Алайда полицейлер мұғалімнің қарсылық көрсеткеніне қарамастан қолын қайырып, бөлімшеге әкетіп қалған. Бұл жағдайды сол жерден өтіп бара жатқан ұстаздар мен оқушылар көрген. Полиция болған оқиға бойынша арнайы хаттама толтырып, айыппұл рәсімдеп, төлеткен.

Кейінірек Бақыт Кеукеновтың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Осыған байланысты бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстазға араша түсті. «Түркістан қаласындағы №15 мектептің мұғаліміне қатысты орын алған оқиғаға ұқсас жағдайға мүлдем жол берілмеуі тиіс. Білім және ғылым министрлігі тарапынан бұл мұғалімді қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, аталған оқиғаға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуды талап ететін боламыз. Оның ішінде, мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне де қатысты. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп санаймын. Егер осындай фактілер қайталанатын болса, қатаң шаралар қолданылады. Орын алған жағдайдың себептерін жан-жақты түсіну үшін мұғаліммен телефон арқылы сөйлестім. Жағдай менің жеке бақылауымда», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Кейін қалалық полиция бастығы Данияр Мейірхан мұғалімнің үйіне барып, кешірім сұрады.

«Түркістандағы №15 мектепте орын алған жағдай баршамызды алаңдатты. Бұл жағдайды өз бақылауыма алып, мән-жайын анықтадық. Келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Бірақ, ұстаздың орны бөлек, әрдайым беделі биік. Балаларға білім беретін жандар қашан да біздің қолдауымыз бен қамқорымызға жүгіне алатынына сенімді болуы тиіс. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығымен бірге ұстаз алдына бардық. Ұстаз үйінде полиция басшысы кешірім сұрады, ұстаз кешірімін берді. Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін барлық шаралар жасалатынын хабарлаймыз» деп жазды шаһар басшысы Рашид Аюпов.

qaz.neonomad.kz
Сурет Facebook желісінен алынды
Тегтер: Қазақстан жаңалықтарыПолицияТүркістан
Бөлісу22ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Мама, көмектесші»: Құдықта тұрып жатқан үйсіз әйелдің тағдыры жұртты жылатты (видео)

Келесі жаңалық

Мұғалімнің қолын қайырып, ұстап әкеткен полиция бастығы қызметінен шеттетілді – Түркістан

ҰқсасЖаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
486
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
31
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
371
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
250
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
200
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кездесті
Басты жаңалықтар

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кездесті

Наурыз 2, 2021
4
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Мұғалімнің қолын қайырып, ұстап әкеткен полиция бастығы қызметінен шеттетілді - Түркістан

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
486
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
371
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
250
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
200

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
486

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
31

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
371

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
250

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
200

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кездесті

Наурыз 2, 2021
4
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.