Түркістан облысында жаңа жыл қарсаңында екі отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазығұрт ауданында екі отбасы қоныстойын атап өтті. Жергілікті бизнесмен Сырым Ертаев өз қаржысына тұрғызған тұрғын үй төрт бөлмелі, су, табиғи газбен қамтамасыз етілген. Өз алдына 15 соттық жері бар.
Аңсаған армандарына қол жеткізген тұрғындар – көпбалалы отбасы мен мемлекеттік қызметкер.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қуаныш иелерін аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы құттықтады. Қоныстой иелеріне шаңырақтың шаттығын тілеп, үй жиһаздарын сыйға тартты.
