Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясының пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасымен бірлесіп парақор судьяны қолға түсірді.
«2019 жылы 11 желтоқсанда қылмыстық қудалау бойынша артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды»,- делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.
Тергеу барысында судьяның Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерінен шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарағаны үшін жүйелі түрде пара алуға қатысы бар-жоғы тексерілді.
Күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.