Жұма, Қаңтар 22, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға

Түркістан облысында үйлері суға батқан жұрт аудан әкімін ұруға дейін барды

Мамыр 6, 2020
Оқиға, Қазақстан, Қоғам, Өмір
Түркістан облысында үйлері суға батқан жұрт аудан әкімін ұруға дейін барды
Поделиться на Facebook

Түркістан облысында су астында қалған ауылдардың тұрғындарына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы мемлекет басшысы мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда 20 мыңға жуық азамат өз үйлеріне оралып үлгеріпті. Алайда баспаналарына бара алмай отырғандар да бар көрінеді. Олар үйімізді ұрылар тонап кететін болды деп қорқуда екен. Осыған байланысты Өргебасы ауылының тұрғындары Мақтаарал ауылының әкімі қол қусырып отыр деп кінәләп, оны жұдырықтың астына ала жаздады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Тұрғындар иесіз қалған үйге баукеспелер түседі деп алаңдауда. Үйлеріндегі заттарды алуға рұқсат бермеген олар Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановты ұруға дейін барыпты.

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Еске алайық, Түркістан облысындағы елдімекендер 1 мамырға қараған түні судың астына кетті. Бұған себеп –  Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы. Іргебасы, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси және Достық ауылдарын басқан су әлі кетер емес.

Тағы жеті елді аймаққа су басу қауіпі төніп тұр. Жалпы алғанда Мақтарал ауданынан 30 мыңға жуық азамат эвакуцияланыпты. Суға кетпеген ауыл тұрғындары бірте-бірте өз үйлеріне қайта оралуда. Қазіргі таңда құрылған арнайы комиссия топан су әкелген зардап шығынын есептеп жатыр.

«Міндетті түрде жағдайды тұрақтандырамыз. Сабырлы болайық. Ауылдарды аралап жүрмін, мәселеге түсіністікпен қарап жатқандар бар. Бірақ кейбір тұрғындар қызық-қызық сұрақтар қойып жатыр. Еске салайын, қазір елімізде төтенше жағдай. Карантин режимі тағы бар, оған да жауапкершілік қарастырылған», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкееев.

Бүгінгі күні 845 үй мен 8 гектарға жуық мал жайылымы су астында қалған. Олардың көп бөлігінде мақта отырғызылыпты. 3500 жуық тұрғын әлеуметтік орталықтарда жатқан көрінеді.

Су басу қаупінен Жетісай ауданының халқы да қатты үрейленіп отыр. Тұрғындар Мақтаралдағы тасқыннан Жетісайға келер қауіп жоқ деген биліктің жұбатуымен келіспейді. Өйткені Қоғалы жұртшылығы су арнасын төрт күннен бері бекітіп әлекке түсіп жатырмыз дейді. Күннен күнге көтеріліп отырған су деңгейі бөгетті бұзған жағдайда, Жетісайдың Өзбекстанмен шекаралас Қоғалы ауылы түгелдей су астында қалатынын айтады. Сондықтан бөгетті күшейту жұмыстарына тек қараша жұрт қана емес, елдегі арнаулы қызметтің барлығы бірдей жұмылдырылса дейді.

Қоғалы Өзбекстанмен Жетісайдың түкпірдегі ауылы. Көрші елдегі су қоймасының жарылуы дәл осы ауылға да қатер төндіріп тұр. Өздері дабыл көтеріп, бөгетті жабуға кірісіп кеткен. Басқа ауылдардан да еріктілер ағылуда. Бірақ жұртшылық қара күштен гөрі техниканы көбейтпесе, жастардың күші сарқылуға таяды дейді. Ал, аудан облыс әкімдігінің күшті Мақтаралдан өзге Қоғалыға да бұрмай жағдай жақсармайды деп отыр.

«Бір басшы жоқ. Төтенше жағдай қызметі жоқ. Қоғалыдағы әскери бөлім бар еді. Олар да қашып кетті», – деді тұрғын Өмірбек Нұраханов.

«Дәл осы ауылдың тұрғыны болып тұрып, ұйықтап көріңдерші, көрейік ұйықтай алар ма едіңдер», – деді Алтынбек Каримов.

Ауыл әкімінің орынбасары бөгетті кімнің күшейтетіні маңызды емес дейді.

«Бұлар еріктілер. Өздері келіп жұмыс істеп жатыр. Желіде жазды, келгісі келгендер келіп көмектесіп жатыр. Біздің мақсатымыз – бөгетті бекіту. Кімнің істегені маңызды емес қой», – деді Қоғалы ауылының әкімі Қабыл Қалдыбеков.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Мүгедек ұлымды интернатқа өткізуге құжат жинадым, бірақ қимадым": Алып қашудың құрбаны болған қыздың тағдыры

Келесі жаңалық

Саунада түсірілген видео: Сот төрағасының өкілеттілігі тоқтатылды

ҰқсасЖаңалықтар

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219
Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді
Өмір

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
73
800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды
Парламент

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
72
Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды
Қылмыс

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
95
Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді
Өмір

Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді

Қаңтар 21, 2021
21
Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Саунада түсірілген видео: Сот төрағасының өкілеттілігі тоқтатылды

Саунада түсірілген видео: Сот төрағасының өкілеттілігі тоқтатылды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.3k
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.1k
Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр
Шоу-бизнес

Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр

Қаңтар 10, 2021
677

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қаңтар 21, 2021
13

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
73

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
72

«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Қаңтар 21, 2021
109

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
95
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.