Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды» делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін Марғұлан Баймұхан Польша Республикасындағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі қызметінде болған.