Сейсенбі, Сәуір 13, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Өзін өлтіргелі жүрген жастарды жасанды интеллект арқылы анықтаудың жолы табылды

Қараша 19, 2019
Денсаулық, Білім, Қазақстан, Қоғам
Өзін өлтіргелі жүрген жастарды жасанды интеллект арқылы анықтаудың жолы табылды
Поделиться на Facebook

Әлеуметтік желілердегі деректер мен жазбаларды сараптау арқылы суицид жағдайларының алдын алуға мүмкіндік бар дейді мамандар. Жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау көрсеткішін төмендету мақсатында құрылған Bilim Foundation қоғамдық қорының Президенті Ерлан Айтмұхамбетовтың айтуынша, қор биылғы жұмысында жасанды интеллект көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы бағдарлама тәулігіне он мыңнан астам әлеуметтік желі жазбаларын сараптаудан өткізіп, эмоциялық жай-күйі тұрақсыз, өз-өзіне қол жұмсауға бейім жастарды анықтайды екен. Нұр-Сұлтан қаласында өткен дөңгелек үстелде жарияланған сегіз айдың нәтижесі бойынша, қоғамдық қор еліміздегі 200-ден астам осындай жастармен байланыс орнатып, оның 60-тан астамына көмек қолын созған.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Профилактикалық жұмыс «Жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр екен.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша алғашқы тұрған он елдің қатарына кіреді. Бас прокуратураның келтірген статистикасы бойынша, елімізде 2018 жылы 15-29 жас аралығындағы 2590 жас өкілі өз-өзіне қол жұмсаған. Олардың 849-ы көз жұмып, 1747-сі құтқарылған. Ол да болса бұл жастарды уақытында тауып үлгерген денсаулық сақтау саласы мамандары мен жақындарының арқасы.

Осындай жағдайдың алдын алу үшін әлеуметтік желілерді профилактика алаңына айналдырдық. Шамамен 5-7 миллионға жуық жастарымыз күні-түні түрлі посттар жазып жатады. Оның бәрін адамдар отырып, тікелей зерттеп шығуы мүмкін емес. Есесіне «жасанды интеллект» анықтай алад. Сол арқылы қиналып жүрген балалар мен жасөспірімдерді тауып, көмек қолын создық», – деді Bilim Foundation қоғамдық қорының президенті Ерлан Айтмұхамбетов.

Әлеуметтік желілер арқылы суицидке бейім жастармен байланысқа түсіп, суицидтің алдын алуға септігін тигізетін елдер бар-жоғы үшеу екен. Алғашқылары Канада мен Америка болса, бұл жобаны жүзеге асырып отырған үшінші мемлекет – Қазақстан. Осы тәжірибені пилоттық жоба негізінде қайталаған «Bilim Foundation» қорында тікелей 9 психолог маманы жұмыс істесе, өңірлерден жастарға көмек қолын созған 33 ерікті психолог бар екен.

«Өздері көмекке зәру болғандықтан әрі біз өзіміз оларға сол көмекті ұсынып жазғандықтан, «Бұл кім?», «Не нәрсе?» деп, алғашында сенбейді. Ол – заңдылық. Бірақ, басында осы себептен жабылып қалғанмен, дұрыс сұрақ қойып, өз жағдайыңмен де бөлісе алсаң, олар да күйзелістерін, не мазалайтындығын айта бастайды. Сол кезде оларға «сен жалғыз емессің», «сенің жағдайың оңалатын жағдай», «мен сені түсінемін», жалпы «мен бармын» деп айту өте маңызды», – деді Bilim Foundation қоғамдық қорының психологы Жанат Әбдіжәмиқызы.

Жастарға әлеуметтік желі арқылы көрсетілетін психологиялық қызметтің бұл түрі тегін дейді Қор мамандары. Сондай-ақ, олар пилоттық жобаның алдағы уақытта нәтижелігіне байланысты жалғасын табатындығына үміт білдірді.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Әйелімен ажырасқанына қуанған оралдық бірден 20 көлік жалдап қыдырған

Келесі жаңалық

Қарағанды шахтасында кенші қаза болды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
798
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
761
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
889
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
361
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қарағанды шахтасында кенші қаза болды

Қарағанды шахтасында кенші қаза болды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
854
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді еденге лақтырған (видео)
Басты жаңалықтар

Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді еденге лақтырған (видео)

Наурыз 4, 2021
116
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
889

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
798

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
761

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
889

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
131

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.