Ақтөбеде 9 жастағы қыз өз үйінде зорланды. Ер адам үйге су сұрап кірген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.
Оқиға болған жақта полицейлер үй-үйді аралап, тұрғындардан көрген-білгендерін сұрап жүр. Тек көшедегі күдік тудырған әр азаматты тоқтатып, тексеріп жатыр. Көршілердің сөзінше, оқиға күндіз болған. Ол кезде кішкентай қыз жалғыз болған. Азғын еркек есікті қағып су сұрап кірген.
«Үйіне су сурап, алдап кірген деп естідік. Жөргегінен танимын өзін. Осы аулада ойнап жүретін қыз ғой. Папасы полиция шақырған. Сұмдық, сұмдық. Осы аулада жүрмейтін адам жоқ! Полицейлер тек бірдеңе болған кезде келеді», – деді тұрғын Лида Тажбенова.
Қауіпсіздік шаралары туралы ата-аналарға үнемі айтып отырамыз деген ұстаздар оқиғадан жағасын ұстап отыр. Баланы ата-анасы, жақынынан бөлек бөгде адамға жетектетіп жібермейтіндерін айтты.
«Күдіктіні біз көрген жоқпыз! Бастауыштың ата-аналарынан оқушыны алып кетеміз өзіміз немесе жоғары сыныптағы аға-апалары алып кетеді деген әр кластың жетекшісінде қолхат бар», – деді мектеп директорының орынбасары Гүлшара Қауысова.
Жәбірленушіге қазір ауруханада, оған от жасалды. Баламен тілдесу үшін психологты шақырттық деп отыр.
«Баланың жағдайы қалыпты, ем алып жатыр. Ота жасалып, қан тоқтатылды», – деді облысық балалар ауруханасының лапароскопия бөлімінің меңгерушісі Егор Роскидайло.
Педофилдің ұсталған-ұсталмағаны әзірге белгісіз.
«Қорқамыз сосын. Алып барып, алып келіп жүрміз. Қайтеміз енді?
Мұндай қылмыстары үшін өлтіре жаза беру керек деп ойлаймын. Себебі, құйттай баланы зорлаған ол масқара ғой. Қорқынышты заман болды. Жастарға да қорқынышты», – дейді тұрғындар.
Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда Ақтөбе қаласында тоғыз жастағы мектеп оқушысын алдап, үйіне кіріп, қызды зорлап кеткені туралы жаздық.
Кішкентай қыз қазір ауруханада, оған ота жасалғанын дәрігерлер мәлімдеді. Толығырақ оқыңыз.