Сот жыл басында Алматы облысында жоғалған Валерия Погребнякты өлтірген азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Neonomad.kz тілшісі.
Сот Владимир Братищевті 15 жылға бас бостандығынан айырып, қауіпсіздігі жоғары колонияға қамау туралы шешім шығарды. Ол ҚР ҚК 2-тармақтың 99 және 384-баптары бойынша айыпталды.
Валерия Погребняк 19 қаңтар күні жоғалған болатын. Ол таңертең 11 шамасында өзінің жігітімен бірге Қарасай ауданының Мерей ауылынан Алматы қаласындағы Апорт сауда орталығына қарай шығып кеткен. Владимирдің айтуынша, жұп сол жерде 17-18 сағат көлемінде болған. Артынша үйге қайтқан.
Кейін жедел шаралар барысында оның өліміне Братищевтің қатысы бар екені белгілі болды. Ол оны өлтіргенін мойындап, денесін қайда жасырғанын көрсетті. Ал ата-анасына сол кезде қыздарын қалаға жеткізіп тастағанын ғана айтқан.
Кейін Владимирдің одан 110 мың теңге алғаны және оны қайтармағаны белгілі болды. Сол ақшаны қайтаратын соңғы күн Валерия Погребняк көз жұмған күнмен тұспа-тұс келіп отыр. Қайтармаған жағдайда Валерия бұл туралы ата-анасына айтып беретіні туралы жазған.
Сотта Братищев үкімді естігеннен кейін агрессия танытқан. Айыпталушы тарап бұған қарамастан, талап-арыз жазбақ.
«Сот барысында өзін агрессивті ұстап, күліп отырды. Жүзінен өкініш байқалмады. Ол, тіпті, прокурормен сөз таластырып, ескертулеріне күліп отырды», – дейді марқұмның әпкесі.
Кейбір мәлімет бойынша, бойжеткеннің мойнын 18 рет тіліп, кейін тұншықтырған.
Сурет: Zakon.kz