«Қазатомөнеркәсібінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 10 жыл түрмеде отырғаннан кейін мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмады. Белгілі бизнесменге үкім Семей қалалық сотында оқылды, деп хабарлайды Neonomad.kz тілшісі.
Өткен аптада көптеген қазақстандық белсенді желі арқылы оның мерзімнен бұрын босатылуын сұрады. Сондай-ақ, қолдау білдіру үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы баратынын айтты.
«Мұхтар Жәкішев тек іс жүргізу шығындарын төледі. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 99,6 млрд теңгені құрайды», – деді судья бас тартудың себебін түсіндіре отырып.
Естеріңізге сала кетсек, соңғы рет сот 2018 жылдың қараша айында Жәкішевтің мерзімнен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын. 2010 жылдың наурыз айында Жәкішев пара алып, оны жұмсағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол қауіпсіздігі жоғары колонияға 14 жылға қамалды.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Мұхтар Жәкішевтің мерзімнен бұрын босатылуы мүмкін екенін хабарлаған едік.