Солтүстік Қазақстан облысында бір апта ішінде үш адам суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есіл ауданында қайғылы оқиға болған. Отбасы мүшелері Есіл өзенінің жағасында демалып жатқанда 9, 14 және 16 жастағы қыздар судың маңында селфи жасайды. Бір сәтте оларды күшті толқын ағызып алып кетеді. 45 жастағы әке судан қыздарды құтқарып, өзі ағып кетеді.
Артынша құтқарушылар ер адамның денесін судан шығарды. Алайда оны құтқару үшін кеш болды.
«Су объектілерінде адамдардың қайтыс болуының негізгі себебі – тыйым салынған орындарда шомылу, суда болу немесе мас күйінде демалу, жеке өмірін сақтайтын жабдықсыз балық аулау, балаларды қадағалау. Көбінесе балықшылар өзінің қауіпсіздігі туралы ұмытып кетеді. Қарапайым ережелер өзімізді қауіп-қатерден сақтауға көмектеседі», – деді баспасөз қызметіндегілер.