Солтүстік Қазақстан облысында орнанның ішінен екі адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Қазір суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Басылымның мәліметінше, Көкшетау қаласындағы колледжде оқитын 16 жастағы студент қыз үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған, оған 7 қарашада іздеу жарияланған. Келесі күні полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстандағы Ленинское ауылы маңындағы орманнан ішінде екі ұялы телефон жатқан көлікті тапты, оның бірі жоғалған қызға тиесілі болған.
Тәртіп сақшылары орманды тексеру кезінде қыз бен жігіттің денесі тапқан. 23 жастағы жігіт Солтүстік Қазақстан облысындағы Талшық ауылының тұрғыны болып шықты.
«Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан туыстарына жазған өлер алдындағы хаттары, сонымен қатар жігітке тиесілі ВАЗ-2109 көлігі алынды», – деп хабарлады облыстық полиция.