Беларусьте өтіп жатқан «Славян базары» байқауында қазақстандық әнші алдыңғы қатарда келе жатыр, деп хабарлады Neonomad.kz.
Осы күндері Беларусьтің Витбекс қаласында «Славян базары» байқауы өтіп жатыр. Оған біздің қазақстандық әнші Әділхан Макин қатысып, бірінші күннің қортындысы бойынша 90 ұпайдан 89 жинады.
Конкурсанттар славян композиторларының шығармаларын орындады.
Байқауда қазақстандық Әділхан Макин «Озера надежды» әнін шырқады. Айтпақшы, музыкасы мен әнін ресейлік композитор Игорь Николаев жизған.
Байқауға келер болсақ, оған 18 елден келген әртістер өнер көрсетеді. Бірақ бұл ретте Словакия мен Кубаның әрітстері қатыса алмады. Енді 16 өнерпаз бас жүлдеге таласатын болады.