Дәрігерлерге деген құрметтің жоғлғанына өкінген хирург Үкіметтен өз кәсібіне қатысты көзқарасын өзгертуді сұрады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Facebook желісінде өкпесін білдірген Абылай Шәкенов хирург болып еңбек еткенінен 26 жыл болған.
Оның сөзінше, өз қызметіне барлық уақытын бағыштаған. Дәрігер болып алғаш рет жұмысқа кіріскен сәттен-ақ ол үнемі еңбек етуден аянбаған. Өмірінің басым бөлігін қызметіне арнаған.
«Кезекшіліктен кейін үйге қайту деген жоқ, кезекшіліктен соң ертеңгі жұмыс күнін басталып кетеді. Бір қалыпты жағдай секілді. Басында, ең алғаш келгенде кез келген жас үшін әрбір ота бір шыңырауға құлаумен тең дүние болады. Әрине, ішкі ағзалардың анатомиясын білеміз, отаның әр кезеңін алдын ала егжей-тегжей миға құйып алғансың, тіпті кейбір тың әдіс-тәсілден де қанықсың. Сөйтіп, «міне мен дайын» деп жең түріп отаға кіріскенде әлгінің бәрі керек болмай қалатын жағдайға тап болуыңыз мүмкін! Мәселен, кәдімгі соқырішектің ең жеңіл деген 7 түрі болады. Одан бөлек аномалия, яғни табиғи ауытқушылығы бар органда, ол тіпті басқандай болады. Қан кететін жері, соқырішекті кесетін жері, оған жақын орналасқан орган мен тіндер ондайда мүлде өзгеріп шыға келеді.
Ал хирургтер тек қана соқырішекке ота жасамайды ғой! Кез келген отаға сақадай-сай болу үшін, кез-келген қиындықты еңсере алатын өз-өзіне сенімді хирург болу үшін жылдар керек, декалитр ақ тер, қара тер, мыңдаған шақырым нервіңді жұмсауың керек.
Одан соң әрбір хирургтің дерттің асқыну бойынша жасап алған өз «қара тізімі» болады. Мұндай асқынулар ота кезінде де, отан кейін де, отадан кейінгі және оған дейінгі кезеңдерде де кездеседі.
Мұндай асқынулар міндетті түрде ота алдында сарапшы хирургтармен алдын ала талқыланады, одан соң да әріптестері мен аурухана басшылығының қатысуымен өтетін конференцияда тағы да әбден зерделеніп, жілік-жілігіне шағып тағы айтылады.Ондай конференциялардың мақсаты хирургтың кінәсін дәлелдеу емес, асқынудың себебін анықтау, сөйтіп сол жиынға қатысқан барлық хирург пен басқа дәрігерлердің мұндай жағдайды тағы қайталамасы үшін сабақ ретінде айтылады.
Ең бірінші хирург болып жаңадан іске кіріскен кезде ең болмағанда адамдар бұл мамандық иесін құрметтеуші еді. Қазір ол да жоқ. Үкімет оны да алып қойды! Бұрын бізді соттамайтын, ал қазір ол оңайдың оңайы! Судьяға дәрігер науқаспен сыпайы сөйлеспеген секілді көрінсе болды, жұлып алып түрмеге тығады! Дәрігер ештеңе істей алмаған, өйткені дерт дендеп, ағза бітіп кеткен дейін десең, жоқ, сот үкімі қайта қарауға жатпайды! Иә, оның үстіне «физикалық және моральдық шығын» деп мойныңызға миллиондарды іліп жібереді. Міне, осындай түрімізбен біз ұзаққа бармаймыз. Дәрігерлерге деген халықтың, сол секілді Үкіметтің мұндай көзқарасы түбі жақсылыққа апармайды. Көп ұзамай Сіздерді ешкім емдемейді, ешкім ота да жасамайды«, – деп түйіндейді ол өз жазбасын.
Халық пен биліктегілер хирургтың қандай қиындықпен өмір сүретінен, нағыз хирург болу үшін қандай сынақтардан өту керек екенін білсе, түсінсе дейді Абылай.