Азамат Сатыбалдының әйелі Назгүл Қарабалина ата-анасының сиырын сатып, екінші рет оқуға қабылданған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап.
Театр әртісі Назгүл Қарабалина оқудан 2 рет шығарылып, қайта сиыр беріп жатып кіргенін айтты.
«9-сыныпта оқып жүрген кезімізде құрбы қыздар біраз бұзықтық жасап, содан анам «Қой, осы қызды тездетіп қалаға жіберейік» деп қалаға Құрманғазы атындағы музыкалық колледжге әкеліп тастаған. Қалаға екі рет әкеліп тастады. Оқудан мені екі рет шығарып жіберді. Әйтеуір, қой беріп жатып қайтадан кіргізіп алды. Сөйтіп сол оқуды әйтіп-бүйтіп бітірдім», – дейді Назгүл Қарабалина.
Қарабалина өзінің оқуын Алматы қаласында жалғастырғысы келген, бірақ бұл арманына ата-анасы қарсылық көрсетті.
«Бітіргеннен кейін анам «Өнер институтына барасың ба? Не істейсің?» дегенде Алматыға барып көргім келетінін айтты. «Ей, сенде Алматыда тірі жан жоқ. Қайда барасың? Алматың не сенің? Оралда әрең жүрсің ғой қайта-қайта шығып кетіп» деді. Содан марқұм әжеме «Аналарға мені қалаға жіберсін» деп айтыңызшы деп өтіндім», – дейді ол.
Осыдан кейін екі жыл бұрын қайтыс болған әжесі сиырын сатқызып, немересін қалаға оқуға жіберткен. Әнші Азамат Сатыбалдымен осы қалада жүріп танысқан.