Сириядан құтқарылған 19 жасар Абай Хамзулиновты БҚО соты сегіз жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Neonomad.kz «Уральская неделя» газетіне сілтеме жасап.
Сотталушыны кішкентай кезінде ата-анасы Сирияға алып кетеді. Қызыл кресттің қызметкерлерінің арқасында тұтқыннан босатылып, елге оралады.
Туған жеріне қайта оралысымен құқық қоғау органдары жігітті уақытша ұстау абақтысына қамап, «Террорлық ұйымға қатысқан» деген бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу мәліметінше, Абай Хамзулинов тыйым салынған ИГИЛ тобының жұмысына қатысқан.
2019 жылдың 20 маусымында сот Найля Джунусова үкім шығарды: Хамзулинов 8 жылға сотталды, және мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.
«Біз сот шешімімен келіспейміз, өйткені Абай ештеңеге кінәлі емес. Ол ешқашан соғыс қимылдарына қатыспаған және террористік актілер ұйымдастырған жоқ. Тергеудің дәлелдеу базасында болғаны Абайдың Сирияда әскери лагерде болғаны, ол онда баруға мәжбүр болды», – деп сотталушының әпкесі Сәуле Корьян.
Туыстарының сөзінше, Абай Хамзулиновті ата-анасы 15 жасар кезінде Турцияға алып кеткен. Кейін әкесі баланы алып, Сирия шекарасына өтіп кеткен.
16 жасқа толған Абайды бір жылдан соң Сирия аумағындағы балаларға арналған әскери жаттығу лагеріне алып кеткен. Ол жерден қашқан жасөспірім күрттердің қолына тұтқындыққа түседі.
«Оның жаттығудан өткенін мойындаймыз, бірақ Абай терактілерге қатыспаған. Сонда да оны сегіз жылға соттап отыр. Бірақ Сириядан келген басқа да ер азаматтар бар, олар үш бабпен айыпты деп танылғанымен, Абайдікіндей мерзімге сотталды», – Сәуле Курьян.
Қазір сотталған жігіттің отбасы да Қазақстанда. Әкесі терроризм және экстремизм үшін айыпталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.