Жексенбі, Қаңтар 17, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Дін

Сириядан қайтарылған 20 адам қамауға алынды

Қазақстанға қайтарылған 20 адам ДАИШ құрамында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен қамауға алынған

Мамыр 13, 2019
Басты жаңалықтар, Дін, Қазақстан, Қоғам
Қазақстанға қайтарылған 20 адам ДАИШ құрамында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен қамауға алынған Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20190513/10134606/Tayauda-gana-Siriyadan-elge-gaytarylgan-20-adam-qamauga-alyndy-UQK.html

Фото Спутник Казахстан сайтынан алынды

0
Бөлісу
33
Қараушылар
Поделиться на Facebook

Сириядан 156 бала қайтарылды. Олардың басым бөлігі шетелде туған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рақымбердиев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінде өткен арнайы брифингте Бақытбек Рақымбердиев Сириядан қайтарылған 231 қазақстандықтың 156-сы бала екенін атап өтті.

Сириядан қайтарылған балалардың тағдыры не болады

«Сириядағы қарулы қақтығыс аймақтарында жүрген балаларды елге қайтару мәселесі өзекті. Елге 156 бала қайтарылды. Оның 18-і жетім. Олардың ата-анасы қарулы қақтығыс аймақтарында қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен. Арасында 7 жасқа дейінгі 107 бала, 7-12 жас аралығында 43 бала, 12 жастан асқан 6 бала бар. Балалардың жартысынан көбі шетелде туған», – дейді ҰҚК департаментінің басшысы.

Сонымен қатар ол «Жусан» операциясының екінші кезеңінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалалары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының тумалары елге қайтарылғанын мәлім етті.

Рақымбердиевтің айтуынша, бүгінде олардың кейбірі қамауға алынған.

«Қазақстанға оралған 16 ер адам мен 4 әйел ДИАШ жағында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен тұтқынға алынды. Олар қылмыстық істері Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы тиісті органдарға берілді. Қалған 55 әйел баласымен бірге Ақтау қаласындағы оңалту орталығына бір ай мерзімге орналастырылды. Медициналық тексерістен өткізілді», – деді ол.

Сондай-ақ Бақытбек Рақымбердиев олармен арнайы мамандар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

«Олармен психологтар, теологтар, үкіметтік емес ұйымлардың қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсетілді. Олардың террористік іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Карантин мерзімі аяқталған соң әйелдер мен балалар бұрынғы мекен-жайларына қайтарылады», – деді ҰҚК департамент басшысы.

Ол бүгінде Сирияда шамамен 300 Қазақстан азаматы қалғанын атап өтті.

Брифинг барысында сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев «Жусан 2» операциясына АҚШ пен Сирия демократиялық күштері көмек көрсеткенін мәлім етті.

Тоқаевтың мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасы бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар. Бұл туралы мемлекет басшысының мәлімдемесінде айтылды.

Бұл ауқымды гуманитарлық акция Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген «Жусан» операциясының жалғасы болды.

Тегтер: дінСирия

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Үй қабырғасы басып қалған, екі адам қаза болды

Келесі жаңалық

Нұр-Султан қаласының оқушылары «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу ойындарына қатысты

Келесі жаңалық
Нұр-Султан қаласының оқушылары «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу ойындарына қатысты

Нұр-Султан қаласының оқушылары «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу ойындарына қатысты

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
207
«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
261
«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты
Саясат

«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты

Қаңтар 11, 2021
2k
TikTok-та жұлдыз болған шопанды полиция ұстап әкетті (видео)
Өмір

TikTok-та жұлдыз болған шопанды полиция ұстап әкетті (видео)

Қаңтар 10, 2021
326

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты

Қаңтар 15, 2021
16

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
9

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
207

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
84

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
9

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
261
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.