Сирия мен Иракта 100-ге жуық Қазақстан азаматы қалған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Ақаттық Радиосына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Қазіргі уақытта Сирия аумағында Қазақстанның 90-нан астам азаматы (63 пайызы әйелдер) бар, оның 15-і (екеуі ер адам) лагерьлер мен түрмелерде және 6 әйел Иракта қамауда отыр.
Сирия мен Ирактан 277 қазақстандық, оның 57-сі ер адам, ал 220-сі әйел адам, және 547 кәмелет жасқа толмаған бала қайтарылған. Оның 44-і (34 ер адам, 10 әйел адам) «террор топқа және шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысты», «терроризмді насихаттады және қаржыландырды» деген айыппен 1 жылдан 11 жылға дейін бостандықтарынан айырылған.
Сонымен қатар, тағы да 35 адам (23 ер адам, 12 әйел) тергелген, оның екеуінің жасы кәмелетке толмаған. Сирия мен Ирак аумағындағы жанжал ошақтарынан оралған 198 әйел мен 545 бала Қазақстанның бейімдеу, оңалту орталықтарында болған.