Танымал қазақстандық рэпер «Шымкенттіктер өте қауіпті» деген пікірмен мүлдем келіспеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) сұқбаты YouTube желісінде жарияланды.
«Бізде Шымкент деген қала бар, қазақ-өзбек аралас мегаполис. Шындығында, қазақтар ержүрек батыр халық. Байырғы замандағы көшпенділер. Көшіп жүріп, соғысқан. Енді оларға өзбектер өз менталитетімен қосылып, ол арада кәсіпкерлікті дөңгелетіп жатыр. Содан кейін де басқа өңірдегі қазақтар шымкенттіктерді онша жақтырмайды. Өйткені олар салыстырмалы түрде кішкене өзгешелеу, кәсіпкерлікке, іскерлікке жақындау. Өте пысық, кез келген істі қиынсынбай қолға алып, дөңгелетіп әкетеді, қайда бар десең де жер таңдамай жүре береді. Қазір Қазақстанның барлық жеріне шымкенттіктер барып алған, ісін жақсы дөңгелетіп жатыр», – дейді ол.
Оның сөзінше, 90-шы жылдары Шымкент өте «криминальный» қала болған. Сондықтан шымкенттіктер – бөлек халық.
«Адамдарының көңілі кең, жаны таза. Қонақ десе ішкен астарын жерге қойып, жаны қалмай күтеді.Соған қарамастан барлығы «шымкенттіктер өте қауіпті» деп санағандар бар, бірақ ол жаққа барсаңыз, қатты қателескеніңізді түсінесіз, өйткені барлығы сырттан келгендерді кеудесін кеңге жая, еш жақтырмай қарсы алады», – дейді ол.