Шымкент қаласының дәрігерлері төрт айлық сәбидің денесінен шеге тауып алғанын айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ата-анасынын айтуынша, сәби шегені ойнап отырған жерінде байқамай жұтып қойған. Бұл туралы олар тек медициналық тексеру кезінде баланың асқазанында бөгде заттың бар екенін байқады.
«Баланың ата-анасы бастапқыда Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне баланың буыны ауырғанына байланысты шағымданды. Рентген кезінде ортопед-мамандар баланың асқазан-ішек жолынан темірді кездейсоқ тауып, оған жедел ота жасалды, себебі балаға нақты қауіп төніп тұр: шеге ішкі мүшелерді тесуге қабілетті. Қалалық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері: Сұлтанғали Сарыбай, Амантаев Жақсылық, Құрманалиев Асанбай ота жасады. Операция кезінде хирургтар бөгде денені тауып, оны асқазаннан шығарып алды», – делінген хабарламада.
Жасалған отадан кейін бала бір апта ауруханада жатып, емделіп шықты. Қазір баланың жағдайы жақсы