Жұма, Наурыз 5, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Шымкентте мектептің ауруханаға айналуына қарсы болған тұрғындар көшені жапты

Маусым 29, 2020
Оқиға, Басты жаңалықтар, Денсаулық, Қазақстан, Қоғам, Өмір
Шымкентте мектептің ауруханаға айналуына қарсы болған тұрғындар көшені жапты

Сурет: Диляра Иса

Поделиться на Facebook

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

28 маусым күні Шымкенттегі Самал-3 шағын ауданының 50 шақты тұрғыны құрылысы енді аяқталған жаңа мектепке науқастарды әкеліп, провизорлық орталық ашуға наразылық білдірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың сөзінше, мектепке коронавирус жұқтырған және пневмонияға шалдыққан науқастарды әкелмек. Олардың айтуынша, бұл жергілікті тұрғындар үшін қауіпті. Әкімдік мектептің емдеу орталығына айналатынын жергілікті тұрғындарға айтпаған.

«Мектептен аурухана ашуға кім рұқсат берді? Әкім бе, дәрігер ме, кім болса да халықтың алдында жауап берсін. Халық көп шоғырланған жерге жұқпалы аурумен ауырып жатқан адамдарды алып келгеніне қарсымыз», – дейді жергілікті тұрғын Бердіғали Бейнетов.

Мектеп маңында жиналған тұрғындарды жиырма шақты полиция күзетіп тұрды. Мектеп орналасқан көше басына блокпост қойылды. Екі сағаттың ішінде мектеп артынан кіретін жолмен шамамен жиырма шақты жедел жәрдем көлігі бірінен соң бірі науқастарды алып келді. Мұны көрген тұрғындар оларды ішке кіргізбейміз деп көшені жапты. Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Санжар Бөрлібаев көшені жабу заңсыз екенін айтып, жиналғандардан тарауын сұрады.

Осы көзде кезекті жедел жәрдем көлігі келді. Тұрғындар көлікті ішке кіргізбейміз деп алдын жапты. Полиция бірнеше әйелді күштеп көлікке отырғызды. Жиналған тұрғындар полицияның көлігін бөгеп, әйелдерді жіберуді талап етті. Он минуттан соң полиция ұсталған әйелдерді көліктен шығарды. Полиция “Жолды жабу – заңсыз. Тараңыздар, әйтпесе заңды шара қолданамыз” деп жиналғандарға ескертті. Содан кейін тұрғындар бір-бірден тарады.

Мектеп Шымкент қалалық №6 емханадан 200 метрдей жерде орналасқан.

Жергілікті басылымдардың хабалауынша, 26 маусым күні қаладағы «Шымсити» шағын ауданында дәл осындай жағдай болып, жергілікті тұрғындар өз мектебінің емдеу орталығына айналуға жол бермеген. Наразылық білдірген тұрғындарға қала әкімі Мұрат Әйтеновтың өзі келіп, биліктің шешімін түсіндірген. Бірақ тұрғындар дегенінен қайтпаған соң, әкім райынан қайтып, медициналық жабдықтарды мектептен шығаруды тапсырды.

Маусымның басынан бері Шымкентте пневмониямен ауырғандар саны күрт өскен. 22 маусымда қала билігі пневмониямен ауырғандардың 7.2 есеге өскенін, ауруханаларда орын жетпей жатқанын айтты. 26 маусымда қала әкімі Мұрат Әйтенов қосымша провизорлық орталықтар ашылатынын мәлімдеді.

Қазақстан билігі 3 маусымнан коронавирус жұқтырғандарды ауру белгілерінің бар-жоғына қарай “ауырғандар” және “тасымалдаушылар” деп екі бөлек санақ жүргізіп келеді. Негізгі статистикаға тек “ауырғандар” қосылып жатыр. Бөлмей санағанда Шымкентте эпидемия басталғалы 2856 адамнан коронавирус анықталды. Ауру белгілері оның 1556-ында бар, 1300-інде жоқ. Вирус жұқтырғандардың 686-сы жазылған, 14-і қайтыс болған.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 38 мыңға жуықтады

Келесі жаңалық

Сиви Махмұди: Мен байдың қызымын, талантым да бар, қасиетім де бар

ҰқсасЖаңалықтар

Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
159
Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді
Әлем

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
81
Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды
Қазақстан

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
19
«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды
Қазақстан

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
13
АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды
Әлем

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
4
Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды
Басты жаңалықтар

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
7
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Сиви Махмұди: Мен байдың қызымын, талантым да бар, қасиетім де бар

Сиви Махмұди: Мен байдың қызымын, талантым да бар, қасиетім де бар

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Басты жаңалықтар

Балқашта полицей 14 жасар қызды асқан айуандықпен зорлап тастады

Наурыз 4, 2021
321
Қыз-келіншектерді сексуалдық құлдыққа тартты деген күдікпен әйелі ұсталды
Басты жаңалықтар

«Дарға асуға дейін барды»: Атыраулық әйел 10 жыл бойы күйеуінен көрген қорлығы туралы айтты

Наурыз 4, 2021
208
Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
159
Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды
Басты жаңалықтар

Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды

Наурыз 4, 2021
124

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
159

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
81

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
19

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
13

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
4

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
7
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.