Шымкенттегі автотұрақтардың бірінде жүргізуші жасөспірімдерді қағып кетті, деп хабарлады Спутник Қазақстан
«2019 жылдың 27 мамырында сағат 15:30-да әл-Фараби ауданының полиция бөлімшесіне автотұрақтардың бірінде Opel Kadett көлігі кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қағып кеткені туралы хабар түсті», – делінген хабарламада.
Оқиға орнына шұғыл жеткен патрульдік полиция анықтағандай, жүргізуші 6 жасөспірімді қағып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккен бір бала қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған бесеуі жеңіл-желпі жарақат алып, үйлеріне қайтарылған.
ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.