Шымкентте атыс болып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Отырар телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға 29 қазанда болды. Қаладағы кафелердің бірінде екі адам оқ ата бастаған. Содан кейін ол екеуі қашып кетіп, қолдарындағы «Сайга» қаруын бетон блоктар жиналған жерге лақтырып, өздері ізін суытқан.
Кафе аумағы қоршауға алынып, оқыс оқиға орнында Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мен криминологтары жұмыс істеді. Кафеде ауласында Toyota Camry 70 және Lexus RX 350 маркалы қымбат екі көлік тұрды. Олардың бірінің салонынан тәртіп сақшылары теңге мен доллар түрінде бір құшақ ақша тапты, деп жазады басылым.
Дерек көздің сөзінше, оқ жаудырғандармен атысқандардың бірі сол жерде көз жұмған. Ал екіншісі болса кейін жан тапсырған.
Басылымның мәліметінше, №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына оқтан жараланған төрт адам жеткізілген. Бәріне де оқ тиген. Зардап шегушілер – 1989, 1987, 1996, 1984 жылғы азаматтар. Олардың біріне күрделі ота жасалды.