Шамалғандағы ірі жол апатына қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр пікір білдірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Кеше 15 қыркүйекте кешкі уақытта Ақсеңгір-Шамалған өткелінде №43 жолаушылар мен №456 нөмілі Алматы-Қаскелең автобусымен соқтығысып, бір адам – автобус жүргізушісі көз жұмды. Тағы үшеуі зардап шекті. Мен министрліктің және өз атымнан қаза болған адамның туған-туыстарына көңіл айтамын. Жол-көлік оқиғасын тергеу бойынша арнайы комиссия құрды. Оның құрамына Көлік комитетінің, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының лауазымды қызметкерлері енді», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің сөзінше, пойыз оқиға орнына 2434 метрге жақындаған кезде автоматты түрде өткелді сигнализация құрылғысы мен дауыс синалы қосылған.
«Бағдаршамдан осы кезде қызыл түске жанды. Өткелде көлік тұрғандықтан, шлагбаум толығымен жабылмай қалған. Автобус осы кезде өткелге шығып кетіп, кептелістің салдарынан өткелдің үстінде тұрып қалған. Пойыз сағатына 97 шақырыммен келе жатқан кезде өткелге 500 метр қалғанда машинист шұғыл тежегішті басқан. Алайда жолаушылар автобусымен соқтығысты алдын алу мүмкін болмаған», – дейді ол.
Еске сала кетейік, 15 қыркүйекте Шымалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысқаны туралы жазған болатынбыз. Жол апаты салдарынан алдын ала дерек бойынша екі адам қайтыс болды, 9 адам зардап шеккен.
Ірі жол апатынан соң жергілікті тұрғындар шу шығарғанын жаздық. Олардың сөзінше, осы күнге дейін көп адамның пойыз басып көз жұмғанын айтып шу шығарды. Осы орайда олар көп жылдан бері көпір сұрап келе жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар, оқиға орнында болған куәгерлердің сөздерінде жаздық. Олардың айтуынша, жүргізуші есікті ашып, адамдарды шығарған. Сол кезде оның әйелі «Шық!» деп айқайлады. Бірақ ол өзі үшін адамдар маңыздырақ екенін айтты.