Ұлыбритания азаматы Алматыға келген кезі-ақ тоналды. Белгілі болғандай, жергілікті такси жүргізушісі шетелдікті әуежайдан қалаға дейін жеткізіп салғаны үшін 33 мың теңге алған, деп хабарлайды Neonomad.kz осы оқиға туралы Facebook желісінде жазаған Шакир Исламбакиевке сілтеме жасап.
Алматыда хостелдің иесі Шакир Исламбакиев қаладағы такси жүргізушілеріне ашуланып, пост жазды. Одан белгілі болғандай, шетелден келген оның қонағын алдап кеткен.
«Менің қонағымды әуежайдан қалаға дейін 33 мың теңгеге жеткізген», – деп жазады ол.
Исламбакиев таксистердің жұмыс істеу тәсілін айтып берді. Оның сөзінше, такси жүргізушілер алдымен жолақысы екі мың теңге дейді, сосын ол «әрбір шақырымның бағасы болғанын» айтады. Ал шетелдіктер болса такси жүргізушілерімен сөз таластыруға қорқады, сондықтан сұрағандарын береді екен.
Кәсіпкердің сөзінше, қонақ кетіп қалған. Полиция шақырудан бас тартқан. Өкінішке орай бұл жағдай бірінші рет емес, дейді Исламбакиев.