Шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді де «Сергек» тіркеуге алады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл нөмірлермен жүрген көліктерді де «Сергек» тіркеуге алады. Шетелдік нөмірі бар көліктер тіркеуге алынбайды деген ұғым бар. Олар базада тұр. Полиция департаментімен және жеке серіктеспен осы мәліметтерді полицияға өткіземіз. «Борышкер» шарасы арқылы біз кәнігі заң бұзушыларды анықтаймыз.
Бюджетке 26 миллион теңге түсті. Мұндай заңбұзушылықтарды анықтау үшін полицейлерге арнайы планшеттер берілді. Олардың көмегімен полицейлер онлайн-режимде заңбұзушыны анықтай алады. Қайда кетіп барады, қайда тұр, оны қайдан тоқтатуға болады. Сол жерде ол көлік иесіне айыппұл салып, хаттама толтыра алады», – деді «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерлан Бекмырзаев ӨКҚ брифингінде.