Қарағанды облысында қазақстандық жұмысшылар мен шетел азаматтарының арасында төбелес шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
12 тамыз күні жұмысшылар арасынды төбелес болды. Жанжалдың себебі әзірге белгісіз.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. олардың мәліметінше, Жайрем тау-кен байыту комбинатының жұмысшылары арасында жанжал туындаған.
Соның салдарынан бірнеше шетелдік қызметкердің жарақат алғаны белгілі болды.
Оқиға орнына облыс әкімі Ерлан Қошанов келіп, жағдай ретке келтірілген.