Сенбі, Қаңтар 16, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сайлау 2021

Шешімін таппаған мәселе қалмады: Үміткерлер Есікте тұрғындармен кездесті

Тұрғындар шешу жолдары көңілінен шығатынын айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі

Желтоқсан 24, 2020
Сайлау 2021, Басты жаңалықтар, Қазақстан
Шешімін таппаған мәселе қалмады: Үміткерлер Есікте тұрғындармен кездесті
Поделиться на Facebook

Бүгін, 24 желтоқсан күні, Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қайнар Жұмағожа мен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ерлан Байшеков Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне жиналған жұртқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, онда көтерілген әр мәселеге жекелей тоқталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агентігі.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген үміткерлер аудан мен жалпы облыстағы жағдайды барынша қамтыды. Соның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандарға аса мән берді.

Мәжілісмендерді орналастыруға 74 мың доллар жұмсайды

Президент: Сайлаудан кейін Парламентте әртүрлі партия болады деп ойлаймын

Тұрғындар үшін «Қолайлы ауданды» құру — басты басымдықтардың бірі. Осы орайда елдегі көшбасшы партия елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын-үй коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл — ел бесігі» сынды жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі.

Шешімін таппаған мәселе қалмады: Үміткерлер Есікте тұрғындармен кездесті 1

Ішкі жағдай, табиғат, экономика және нақты статистикалық көрсеткіштерді есепке алсақ, аудандағы 19 ауыл әлеуеті жоғары дамыған, тірек ауылдарға айналып отыр. Алдағы уақытта осы ауылдардың мүмкіндігін ескеріп, оларды халық пайдасына асыру жоспарда бар. Сондай-ақ, партияның келер 5 жылға айқын жоспар құрып, алдына қойған мақсатына жету жолын саралағандығы мәлім.

Аталған жоспарға сәйкес, «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай маңызды деген жолдардың үлесін 4%-ға арттырады. Осы мақсатта жол сапасын кезең-кезеңімен жақсарту үшін партия 11 ауылдың орташа жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Нақты қай ауылдар екені және жөндеу жұмыстары қашан қолға алынатыны да белгілі. Олар — 2022 жылы 3 ауылда: Ащыбұлақ, Алға, Қойшыбек; 2023 жылы 6 ауылда: Өрікті, Бөлек, Қайназар, Азат, Ават; 2024 жылы Түрген ауылы; 2025 жылы 2 ауылда: Космос, Базаркелді.

Шешімін таппаған мәселе қалмады: Үміткерлер Есікте тұрғындармен кездесті 2

Жолдан өзге шешілуі тиіс тағы бір мәселе — халықтың сапалы ауызсумен қамтылуы. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға қарай халықтың 95%-ы ауызсумен қамтылады. Бүгінде ауданда 72 ауыл орталық сумен қамтамасыз етіліп, 7 ауылда жергілікті сумен жабдықтау көзі орнатылған.

Ол үшін 19 ауылда сумен жабдықтау желілерін салу және қайта жаңарту жоспарланған: 2021 жылы — Ұлтарақов атындағы ауыл; 2022 жылы — 5 ауылда: Қайрат, Торғайбаза, Ащыбұлақ, Қазақстан, Сазы; 2023 жылы — 5 ауылда: Тауқаратұрық, Бөлек, Әймен, Қайназар, Көктөбе; 2025жылы —8 ауылда: Асы-саға, Бәйдібек би, Жаңашар, Космос, Байсеит, Рахат, Саймасай, Аманкелдіде су жүйесі жасалмақ. Ал Қызыл Шарық, Қаражота, Нұра, Түрген; Малыбай, Тескенсу, Қаратұрық, Байтерек, Қарасай, Өрікті, Қырбалтабай, Ақбастау; Ташкенсаз, Бірлік;  Х.Бижанова атындағы ауылдарда сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Шешімін таппаған мәселе қалмады: Үміткерлер Есікте тұрғындармен кездесті 3

Кездесу барысында талқыға салынған үшінші мәселе — тұрғын үй.

«Партия сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі — тұрғын үй коммуналдық шаруашылық желілері. Қазақстандықтар үшін баспана өзекті мәселе екені сөзсіз. Баспана туралы сөз қозғағанда тұрғын үйді жылумен, жарықпен жабдықтау, ауызсу жүйесіне қосу туралы сөз қозғамау мүмкін емес. Аудан тұрғындарының қолайлы тұрмысы үшін «Nur Otan» партиясы аталған мәселелермен қатар, көшелер мен аулаларды абаттандыру сияқты сұрақтардың да шешімін табады.

Дәл қазір 3566 көпқабатты тұрғын үйдің 1897-сі немесе 53,2%-ы жөндеуді қажет етеді. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Есік қаласындағы канализация жүйесін қайта жаңғырту және салу; блокты-модульді қазандықтардың қондырғыларын орнату; 2025 жылға дейін 10 көппәтерлі тұрғын үйде жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізу; ауылды мекенде газ тарату желілерінің құрылысын жүргізе отырып, 112 мың тұрғынның газға қол жеткізуіне жағдай жасау сынды міндеттер тұр. Бұл міндеттерге «Nur Otan» партиясымен бірге жетеміз», — деді Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ерлан Байшеков.

Осы орайда ол алда келе жатқан сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Шешімін таппаған мәселе қалмады: Үміткерлер Есікте тұрғындармен кездесті 4

«Nur Otan» партиясы үшін отбасы институтын нығайту маңызды. Осы мақсатта тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін әрдайым назарымыздағы мәселе болады. Нақты статистикалық мәліметтерге келер болсақ, тұрғын үй алуға 2 581 адам кезекте тұр. Ал тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 17,2 шаршы метрге дейін жақсарды. Партиямыз бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 18,4 шаршы метрге дейін жеткізуді мақсат етіп отыр. 2025 жылға қарай көпқабатты 9 тұрғын үй салынып бітеді. Сонда барлығы 350 пәтер болмақ. Тоғыз үйдің сегізі Есік қаласында 290 пәтерлік үй болса, Шелек ауылында 60 пәтерлі бір үй салынады. Ал 6 ауылда 487 гектарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл ауылдар: Ақши, Қайназар, Алға, Шелек, Өрікті және Бәйдібекби» , — деді Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қайнар Жұмағожа.

Бағдарламадағы басым бағыттардың бірі экологиялық ахуал болып, кездесу барысында қоқыс мәселесі де назардан тыс қалмады. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды бағдарламаға енген мәселелер мен олардың шешу жолдары көңілдерінен шығатынын айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

 

Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.

Тегтер: Парламент сайлауыСайлауСайлау 2021сайлауалды бағдарламасайлауалды үгіт-насихат
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Тойымыз болмаған еді: Қазақстандық ерлі-зайыпты журналист тікелей эфирде үйлену тойын өткізді

Келесі жаңалық

Берік Тұрсынбеков: Бір-екі рет асылып өлмек болған кезімде әйелім көріп қалды

ҰқсасЖаңалықтар

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты
Шоу-бизнес

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты

Қаңтар 15, 2021
1
Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды
Әлем

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
3
«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
93
Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)
Өмір

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
34
Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде салық төлеуді кейінге қалдыру туралы заңға қол қойды
Сайлау 2021

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
4
«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
190
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Берік Тұрсынбеков: Бір-екі рет асылып өлмек болған кезімде әйелім көріп қалды

Берік Тұрсынбеков: Бір-екі рет асылып өлмек болған кезімде әйелім көріп қалды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
190
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
477
«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты
Саясат

«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты

Қаңтар 11, 2021
1.9k
«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
93

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ақботамен қосылмаймын»: Айдарқұлов биыл тағы үйленетінін айтты

Қаңтар 15, 2021
1

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
3

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
93

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
34

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
4

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
190
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.