Алматы маңында болған ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты, жиырмаға жуық адам зардап шеккен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 12 адамның қаза тапқаны белгілі, оның жетеуі кім екені анықталды.
Қаза тапқандар тізімі:
1.Астанов Николой 1971 жылғы
2. Хайдаров Р. 1940 жылғы
3. Калиев Бауржан 1974 жылғы
4. Карибаев Базархан 1974 жылғы
5. Муратбаев Марат 1961 жылғы
6. Нурбаев Абай 1982 жылғы
7. Аршат Исина
8. Сания Аманжол,
9. Дана Круглова, 1984 жылғы,
10. Каирхан Туматов, 1955 жылғы,
11. Валерий Ануфриев,
12. Имина Оспанова, 1963 жылғы.
Еске сала кетейік, 27 желтоқсан күні Bek Air әуекомпаниясының ұшағы (Z9-2100) Алматыдан елордаға ұшуы керек болған. Бірақ Қызыл ту ауылы маңында апатқа ұшыраған. Ұшақтың үшініде 95 жолаушы болған.
Кейін ұшақ апатынан 12 адам қаза тапқаны белгілі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына қатысты кінәлілер заңға сәйкес жазаланылатынын айтты.