Жамбыл облысында 3 жастағы қызды зорлап тастаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдікті кішкентай балаға қасақана зорлық көрсетті деп танылды.
Оған қатысты өмір бойына балалармен жұмыс жасау құқығынан айырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.
Бұдан бөлек, сотталушы жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Айта кетсек, жантүршігерлік қылмыс туралы биылғы маусым айында белгілі болды. Оқиға Жамбыл облысындағы елдімекендердің бірінде орын алған.
Тұрғындардың айтуынша, 3 жасар қызды көршісі алдап, үйіне алып кеткен.