Еліміздің рухани астанасы болып табылатын Семей қаласында клубтардың бірінде көңіл көтерген қыздар жүлде үшін жалаңаштанды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Жуырда Instagram әлеуметтік желісінде түнг клубта түсірілген видео жарияланды.
Желі қолданушылары аталмыш жынойнақтың Семейде өткенін бірден анықтады. Жарыстың талабы бойынша, ортаға шыққан қыздар киімін шешініп, билеу керек.
Қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатшақызы бұл жастардың түрін көпшілікке көрсету керек, дейді.
«Айналдырған азғантай қазақ өзінің баласын таниды деп ойлаймын ананы көрген адам. Иә болмаса сенің балаң мына жерде сенің балаң жүр десе көреді ата-анасы. Сол кезде қандай күйде болды екен ата-аналары. Үмітпен үкілеп өсірген балапаны арсыз болып жүргені. Қазақ айтады «қызым үйде, қылығы түзде» дейді. Көрдіңіз бе?!.Онсыз да тіліміз шұбарланды, дініміз шұбарланды. Шұбар күйіміз. Енді келіп арсыз жүниеге араласқаннан кейін тіптен ұят нәрсе болып тұр. Сондықтан мен сіздерден өтінемін, жігітсіздер. Жігіттер естерін жинап ие болу керек. Әйел ерге, ер жерге қарайды дейді. Жерге қарамаңыздар, қыздарға ие болыңыздар!», – дейді Қарлығаш Бекпатшақызы, қоғам белсендісі.