Жоғарғы сот сайтының мәліметінше, Семейде Татуласу орталығы ашылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Татуластыру рәсімдері адамдарға келісімге, ымыралы және өзара тиімді нұсқаны табуға мүмкіндік береді. Сот дауды шешу кезінде тараптардың бірінің пайдасына шешім қабылдайды және сот шешімін екі тараптың да қанағаттандырған кезде өте сирек кездеседі. Татуласу орталығының жұмысы халық арасындағы қақтығыс деңгейін айтарлықтай төмендетеді, құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді, дауларды сотқа дейін реттеуді насихаттайды», – деді Д.Әбдіғалиев.
Сондай-ақ, тараптарға кездесу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін, дауды соттан тыс реттеудің артықшылығы туралы айтылды, бұл дауды шешу процесін жеделдетеді және ақшаны үнемдейді.