Техас штатының Эль-Пасо қаласында атыс болып, 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Neonomad.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға Walmart сауда орталығында болған. Бейбіт тұрғындарға от жаудырған Далластың 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол оқиға орнына жеткен полицияға өзі берілген.
Қарулы атыс салдарынан 20 адам көз жұмып, 24-і түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті билік қылмыскердің атын атамады. Ал БАҚ дерегі бойынша, оның есімі Патрик Крусиус.
Қала полициясының басшысы Грег Аллен Эль-Пасодағы атыс ісі өшпенділікпен жасалған қылмыс ретінде қаралатындығын айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, бұл оқиғаны «тек қана қайғылы жағдай деп емес, қорқақтық» деп атады.