Түркістан облысында ақша үшін зейнет жасындағы көршісін өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Сарыағаш ауданында маусымда орын алды. Хабар-ошарсыз кеткен анасын іздеген қыз тәртіп сақшыларына арызданады.
Жоғалып кеткен зейнеткерді іздеуге полиция бөлімінің криминалдық полиция мен тәжірибелі тергеу қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.
Қарияны іздеуге 4 ай кеткен. Нәтижесінде оның жоғалуына қатысы бар деген күдікті көзге түседі.
Ол жәбірленушімен көршілес тұрған, Қазығұрт ауданының тумасы.
Полицияның мәліметінше, күдіктімен зейнеткер әйел екеуінің арасында қарыз салдарынан жанжал туындаған. Жанжал барысында күдікті әйелді өлгенше ұрып-соғып, денесін өз үйінің ауласына көміп тастаған. Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін аталған жерден тауып, оны сараптамаға жіберді.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті қамауға алынды. Мән-жай анықталуда.