Самара-Шымкент жолында апат болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін тіркелді. Самара-Шымкент тас жолының 915 шақырымында 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Volkswagen Sharan» көлігімен соқтығысты.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың хабарлауынша, жеңіл көліктің бір жолаушысы дене жарақатын алып, төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция жол ережесін сақтауды қатаң ескертеді.