Салықтық қарызы 46 млн теңгеге жеткен шымкенттік ұсталды. Ол қырызын төлеуден қашып жүрген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Қалалық прокуратура 2018 жылы борышкерді іздеуге жариялаған екен. Оның мемлекет алдындағы қарызы 46 млн теңгеден асып кеткен.
Тергеу материалдарына сай, ұсталған азамат жекеменшік серіктестікке жетекшілік ете тұра ол 2011-2015 жылдар аралығында табыс салығын төлеген. Кейіннен сот үкімімен әкімшілік жазаға тартылған. Алайда кәсіпкер табылмаған соң, атқарушылық іс-әрекеттер уақытша тоқтатылған. Одан бері бір жылдан аса уақыт өтсе де, борышкердің жүрген жері анықталмаған.
«Қала прокуратурасы ақпараттық жүйелер мен әлеуметтік желілер арқылы борышкердің жүрген жерін анықтап, сол жерге өздері барған. Сөйтіп қашқын кәсіпкерді ұстап, дереу сот орындаушыларына жеткізді. Келесі күні борышкерге қатысты сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, 12 625 теңге көлемінде айыппұл салынды. Борышкер қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сай ӘҚБтК 669-бабымен кінәлі деп танылды. Сот шешімінің әрі қарай орындалуы прокурорлардың бақылауында болады», – делінген хабарламада.