Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

2020 жылғы 21 қазандағы ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының және ҚР мәслихаттарының  кезекті сайлауын тағайындау туралы №29/334 қаулы мен “Сайлау туралы” конституциялық заңға сәйкес, https://neonomad.kz/  (әрі қарай – Сайт) ақпарат-құқықтық сайтының меншік иесі – “Q-Promo” ЖШС сайлауға қатысатын саяси партияларға ақпарат-құқықтық Сайтында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыруға мүмкіндік береді.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру осы ақпараттық хабарламада және шарт талаптарында айқындалған құнға сәйкес жүзеге асырылады.

Сайт жазбаша өтініш пен сайттың меншік иесі мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның сенімді тұлғасы арасында жасалған шарт негізінде интернет-алаң ұсынады. Үгіт материалдарының саны, орналастыру кезеңі және түрі осы сенім білдірілген адамның жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта белгіленеді.

Өтініш кезектілік тәртібімен өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі, әрбір жазбаша өтінішке өтініштің келіп түскен күнімен реттік нөмір беріледі.

Келісімшарт жасалуы үшін мына құжаттар қоса ұсынылуы шарт:

1) партиялық тізімнің ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) саяси партияның сенімді өкілі екенін растайтын құжат көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) дайын үгіт-насихат материалы мәтіннің қағазға шығарылған және электронды тасымалдағыштағы (әр бетінде сенімді өкілінің қолы қойылып) нұсқасында ұсынылуы тиіс.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен жүреді. Егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезек реті жеребе бойынша белгіленеді. Партиялардың сенім білдірілген адамдарының жазбаша өтініштеріндегі деректердің (күні, уақыты және т.б.) негізінде редакция сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кестесін белгілейді.

Сайлау алдындағы үгітті қамтитын барлық жарияланымдарға қаржыландыру көздері және ақпаратты ұсынған адамның тегі туралы ақпарат қоса беріледі.

Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастыру 2020 жылғы 11 желтоқсан күні таңғы сағат тоғызда басталып, 2021 жылдың 8 қаңтарында сағат 23.59-да аяқталады.

Саяси партиялар немесе олардың сенімді өкілдері үгіт-насихат материалдарын сайтқа дайын түрде жарияланымнан 1 (бір) күн бұрын беруге тиіс.

Егер мәжіліске және мәслихаттарға үміткер партия сайлауалды бағдарламасында Республиканың конституциялық құрысылын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, рулық, тектік-топтық, ұлттық, діни араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздау бар сипатта болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда сайт иесі тиісті үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

 

Neonomad.kz ақпарат агенттігіне үгіт-насихат материалдарын орналастыру прайс-парағы

 

Баннерлік жарнаманы орналастыру

АтауыТәулігіне орналастыру құны (теңгемен)
1.Жаңалық материалдарының барлық бетінің жоғарғы бөлігіне дайын баннерді орналастыру.

Баннер көлемі: десктоп нұсқада ұзындығы 740 пиксель және биіктігі 90-180 пиксель, мобильді нұсқада  250х300 пиксель.

25 000
2.Жаңалық материалдарының барлық бетінің төменгі бөлігіне дайын баннерді орналастыру.

Баннер көлемі: десктоп нұсқада ұзындығы 740 пиксель және биіктігі 90-180 пиксель, мобильді нұсқада  250х300 пиксель

20 000

Баннерге қойылатын жалпы талаптар:
Б
арлық баннер 5 Мб-тан аспауы керек.
Баннерлер GIF, JPG, JPEG, PNG форматтарында қабылланады
Қандай да бір дыбыс эффектілерін пайдалануға тыйым салынады.

 

Жарнама мен PR-материалдарын орналастыру

АтауыТеңгемен құны
1.Бас беттегі соңғы жаңалықтар таспасына дайын материалды орналастыру (бос орындарды қосқанда 3500 белгіге дейін, 5 фотосуретке дейін, 3 минутқа дейін видео)80 000
2.Бас беттегі соңғы жаңалықтар таспасына дайын лонгридті орналастыру (бос орындарды қосқанда 10000 белгіге дейін, 5 фотосуретке дейін, видео)90 000
3.Бас беттегі соңғы жаңалықтар таспасына дайын сұхбатты орналастыру (бос орындарды қосқанда 10000 белгіге дейін, 5 фотосуретке дейін, видео)100 000
4.Фоторепортаж

▪          4000 белгіге дейін;

▪          10-нан 20 фотосуретке дейін;

▪          «Фото» бөліміне материал орналастыру.

100 000

 Барлығы ҚҚС есептемегендегі баға.

Шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде шот негізінде сайлау алды үгіт-насихат материалдарын орналастырғаны үшін 100% алдын ала төлем белгіленеді.

Төлем шартқа немесе қойылған шоттарға сәйкес «Neonomad group» ЖШС сайтының меншік иесінің өкілетті өкілінің банктік реквизиттеріне жүзеге асырылады

 

«Q-promo»  ЖШС
Директоры                                                                       Саханов К. Ш.

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР