Жексенбі, Қаңтар 24, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сайлау 2021

Үміткер Қанат Арыстанбеков: Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ!

Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Желтоқсан 31, 2020
Сайлау 2021, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Үміткер Қанат Арыстанбеков: Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ!
Поделиться на Facebook

Сайлаудың өтуіне санаулы күндер қалды. 10 қаңтарда қазақ елі тағы бір үлкен тарихи таңдау жасап, саяси өмірінде дамудың даңғыл жолын айқындайды. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық сайлауалды штабының төрағасы, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Арыстанбековтен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қазіргі барысы жөнінде сұрап-білген едік.

– Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

– Бүгінгі таңда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жан-жақты жүріп жатыр. Ауданымыздан облыстық мәслихат депутаттығына 3, ал аудандық мәслихат депутаттығына 28 кандидат бар. Барлығы да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын халыққа кеңінен жеткізу мақсатында ауыл-ауылдарда үгіт-насихат жасап жүр. Бұл жұмыстардың барлығы біздің алдын ала жоспарланған жүйелі кестеге сәйкес түрлі форматта күнделікті өткізілуде. Қазіргі жағдайды бәріңіз көріп-біліп отырсыздар. Бүкіл әлем жұртын алаңдатып қойған пандемия біздің өмірімізге де өз ережелерін енгізіп, белгіленген шектеулерін шегелеп жатыр. Яғни, бұрынғыдай халықты көп жинап, арқа-жарқа әңгімелесіп отыруға мүмкіндік жоқ. Дегенмен, қатар отырып сұхбаттаса алмасақ та технологияның дамыған заманында қолымыздағы телефонмен-ақ еш кедергісіз, кез келген жанмен онлайн-кездесу ұйымдастыра аламыз. Бүгінде біздің сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізу кестемізге сәйкес «Кандидатқа сұрақ қой» акциясы көбіне-көп осы онлайн-кездесулер түрінде әлеуметтік желілердің тікелей эфирі мен видеоконференцияларға арналған қосымшаларда өткізіліп келеді. Сайлаушылар сұрақтарын еш кедергісіз қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізіп жатыр. Яғни мұнда туындайтын қиындық жоқ.

– Онлайн-кездесулерге тоқталып өттіңіз, ал қазіргі карантин режимінде бетпе-бет кездесулер қалай өтуде?

– Әрине, адамның өмірі мен денсаулығы біз үшін қымбат. Сондықтан қазір де карантиндік шектеулер мен санитарлық талаптар қатаң сақталады. Аудандық, облыстық санитарлық дәрігерлердің бекітіп берген ережелері аясында, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін қадағалап, адам санын шектеумен бетпе-бет кездесулер өткізіп келеміз. Онда да кездесу болатын орынның сыйымдылығы, яғни әлеуметтік қашықтықты сақтауға мүмкіндіктің бар-жоғы ескеріледі. Кездесулер көбіне сыртта, таза ауада өтеді. Сонымен қатар жиынның уақытын ұзаққа созбай, қысқа-нұсқа өтуін талап етеміз. Кандидаттар мен еріктілерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптар түсіндіріліп, оны қатаң сақтау қажеттігі үнемі айтылады. Сондықтан сақтық мәселесі басты назарда.

– Сенімді өкілдер мен еріктілер тобы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүргенін білеміз. Осы бойынша тоқталып өтсеңіз..

– Иә, осы сайлауға орай бүгінде ауданымызда 105 сенімді өкіліміз бен 35 ерікті сайлауалды үгіт жұмыстарын жасап жүр. Олар елді мекендерді аралап, біздің алдын ала келісімшарт жасасқан қоғамдық орындарда партияның сайлауалды бағдарламаларын таныстыратын, партиямызды насихаттап, халықты сайлауға қатысуға шақыратын ақпараттық брошюралар мен хабарламалар таратып, белгіленген жерлерге іліп жүр. Сенімді өкілдеріміз бен еріктілердің барлығы да – партияластарымыз. Еріктілер – «Jas Otan» жастар қанатының мүшесі, белсенді жастар. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген олардың барлығын да «Nur Otan» партиясының имидждік киімдерімен қамтыдық. Бұл да насихаттың бір түрі деуге болады. Мұндағы мақсат – тұрғындар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын кімдердің, яғни қай партияның жүргізіп жүргенін көрсін, партияны танысын, білсін деген мәселе.

– Үгіт – насихат жұмыстары кезең-кезеңмен жүріп жатыр. Оның ерекшелігі қандай?

– Оның негізгі ерекшелігі – негізгі жұмыстар біздің ауданымыздың сайлауалды бағдарламасын халыққа кеңінен таныстыру. Басымдық аудандық бағдарламаға беріледі. Яғни жергілікті жерде қолға алынатын жұмыстар мен күрделі мәселелерді шешу жолдары көрсетілген бес жылдық бағдарламаны халыққа жеткізу. Ол үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізушілер көбіне «Есіктен есікке» акциясымен әр үйге кіріп, тұрғындарға бағдарламаны түсіндіруді қолға алған. Бүгінде ауданымыздағы сайлаушылардың 70 пайызын қамдытық. Әлі де болса, партиямыздың сайлауалды бағдарламаларын азаматтарымызға жан-жақты жеткізіп, толыққанды түсіндіру үшін қызу жұмыс жүргізілуде. Одан бөлек кандидаттар «канвассинг» өткізіп жатыр. Бұл да насихат жұмысының бір түрі.

– Үгіт-насихат жұмыстарын жергілікті және республикалық БАҚ-тарда да жүргізіп келесіздер және кандидаттардың әлеуметтік желілер арқылы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын көріп жүрміз…

– Иә, биылғы сайлаудың бір ерекшелігі «Nur Otan» партиясының сайлауалды қорынан қаржы бөлініп, бүгінде 5 сайтпен және 3 аудандық газетпен келісім шартқа отырдық. Олар партиямыздың сайлауалды бағдарламасын, кандидаттардың өткізіп жатқан іс-шараларын, сенімді өкілдеріміз бен еріктілердің атқарып жатқан сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жариялап, халық арасына кеңінен таралуына өз септігін тигізіп отыр.

Әлеуметтік желілер бүгінде үгіт-насихат жүргізуде негізгі құралдардың бірі болып отыр. Өйткені халықтың басым бөлігі – әлеуметтік желілердің қолданушылары. Кез келген жаңалық пен оқиғаны, негізінен, қолымыздағы смартфон мен компьютерден оқып-білеміз. Сондықтан да әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу басқалардан алда тұрғаны түсінікті. Қазіргі уақытта әрбір кандидат өткізген іс-шараларының барлығын әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жариялап отыр. Әрі әр жариялымы туралы сайлауалды штабқа есеп береді. Осылайша біз кандидаттардың белсенділік көрсеткішін анықтап, рейтинг шығарып отырмыз.

– Бұл рейтинг кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуін қадағалау үшін жасала ма? Әлде рейтинг көрсеткіштері сайлауда үміткерлерге қандай да бір артықшылық бере ме?

– Әрине, қазіргі жасалып жатқан жұмыстардың барлығы маңызды. Рейтинг көрсеткіштері қай кандидаттың белсенді екенін, халықпен қаншалық жұмыс істегенін, жергілікті жердің жай-жапсарынан қаншалық хабардар болғанын, аудандағы мәселелердің мән-жайын түсінген-түсінбегені және тағы басқа да осы сияқты критерийлердің жауабы болады. Сондықтан рейтинг бағасы әр кандидат үшін өте маңызды. Кандидаттармен қатар мұндай есепті еріктілер де күнделікті жібереді. Бұл олардың жұмыс жүргізіп жатқанының көрсеткіші болмақ.

Жалпы алғанда, ауданымыздағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүруде. Ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар келіп, кездесулер ұйымдастырып жатырмыз. Бұл біздегі үгіт-насихат жұмыстарының жүйелі жүргізіліп отырғанын білдіреді. «Nur Otan» партиясының халыққа етене жақын, халықтың мұң-мұқтажын шешетін, билікпен бірлесіп, тұрақты, жүйелі жұмыс жасайтын партия екенінің бір айғағы. Аудан тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ! Сондықтан 10 қаңтарда азаматтық белсенділік танытытып, өз болашағымыз үшін дауыс берейік!

«Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов Сайлауалды штабының басшысы Қ.Арыстанбеков

Сұхбаттасқан тілші Ж.Базылбеков

 

Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Рысқұлов аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Халықтың қолдауы — мол күш". Нұр Отан үміткерлері Қайыңды тұрғындарымен кездесті

Келесі жаңалық

15 жасар шопан TikTok желісінде танымал болды

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
240
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
15
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
10
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
388
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
141
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
13
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
15 жасар шопан TikTok желісінде танымал болды

15 жасар шопан TikTok желісінде танымал болды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
388
Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады
Басты жаңалықтар

Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады

Қаңтар 23, 2021
324
Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
240
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
1.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
240

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
15

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
10

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
388

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
141

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
13
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.