Жұма, Сәуір 16, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Сәби өлімі біз үшін қасірет – Нұрлан Ноғаев

Қазан 14, 2019
Медицина, Басты жаңалықтар, Денсаулық
Сәби өлімі біз үшін қасірет – Нұрлан Ноғаев
Поделиться на Facebook

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық перинаталды орталықтағы сәби өліміне қатысты өкімет мәжілісінің үзілісі кезінде өз пікірін білдірген болатын, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер сауалына жауап бере келіп, Нұрлан Ноғаев тергеудің аяқталуын күтуді, ақ-қарасы анықталғанша ой түйіндеуге асығыстық танытпауды өтінді.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Ресми органдар ресми пікірлерін білдірді. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде. Солардың аяқталуын күту керек. Министр өз пікірін білдірді, вице- премьер де келді. Тергеу қорытындылары шықпай тұрып, біз баға бере алмаймыз. Бұл мәселенің барлық түйіткілдерін мұқият тексеру керек. Біріншіден, тергеу ғана барлық сауалдың жауабын таба алады. Дүниеге келген сәбилердің 80%-ына жуығы оңалту бөліміне түседі, салмағы өте аз, күні жетпеген. Бұл бағыттағы жұмысымыздың бүге-шүгесіне дейін тоқталмай-ақ қояйын, айтайын дегенім, сәби өлімі проблемасы мен ана мен бала күтімі басты назарда болмақ.

Бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда. Егер өткен жылғы көрсеткіштерді биылғымен салыстыратын болсақ, төмендеу байқалады. Бірақ, әлдебір себептермен тамыз айында қайтадан сәби өлімі өршіп кетті. Тамызда – 26, қыркүйекте – 17 сәби шетінеген. Тиісті шараларды қолға аламыз. Босанатын 75 әйелді қалалық перзентхана мен өзге де ауруханаларға көшірдік. Бұл кеңесті арнайы комиссия тергеу барысында берген болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы, өзге де органдардың топтары қызмет атқаруда. Жүйелі жұмыс жүруде. Ана мен бала өмірі – баға жетпес байлығымыз, сәби өлімі біз үшін трагедия!» – деді Нұрлан Ноғаев. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының жауапкершілігі туралы журналистердің сауалдарына жауап бере келе, Нұрлан Ноғаев төмендегідей жауап қатты:

«Басқарма басшысы өз өтінішімен қызметінен кету жөнінде арыз жазды, қазір мәселе қаралу үстінде», – деді әкім.

Айта кетейік, 2019 жылы өңірге 123 дәрігер келіп, оның ішінде 54 маман перзентхана мен өзге де балалар ұйымдарына жіберілді (13 акушер – гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, 3 неонатолог, 19 бала дәрігері, 14 терапевт), оның ішінде 12 маман облыстық перинаталды орталыққа жіберілген болатын.

Облыс әкімі резидентураға 48 грант, оның ішінде, 27 грант перзентханалар мен балалар ұйымдарына бөлді. Бұл гранттардың 56% (9 акушер-гинеколог, 4 неонатолог, 5 анестезиолог-реаниматолог, 5 инфекционшы, 1 балалар неврологі, 1 балалар дәрігері) құрайды.

Бөлісу7ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау облысында тағы жаппай төбелес: Оқиғаның мән-жайы

Келесі жаңалық

Қытай президенті: Бізді ыдыратқысы келгендердің әрекетінен түк шықпайды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
880
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
839
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
987
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
391
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қытай президенті: Бізді ыдыратқысы келгендердің әрекетінен түк шықпайды

Қытай президенті: Бізді ыдыратқысы келгендердің әрекетінен түк шықпайды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
987
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
880
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
839

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.