Малайзияның Джохор штатында бала күтуші өртенген үйден бүлдіршіндерді алып шығамын деп өзі көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап.
Өзі бағатын балалар ұйықтап жатқан кезде 59 жастағы күтуші әйел дүкенге бара жатқан. Қайтып оралғанда үйдің қызыл жалынға оранғанын көреді. Осы кезде үйдің ішінде екі қыз бен күтушінің өз немересі болған. Әйел адам балаларды құтқаруға асықса да, жанындағылар оған үйге кіруге кедергі жасайды.
Күтушінің 31 жастағы ұлы жанып жатқан үйге кіргенімен, балалардың жатын бөлмесіне кіре алмай әлек болады. Кейін ұлы жол тауып кірген кезде күтуші балаларды өрттен қорғап отырады.
Қыздардың бірі аман, екіншісінің аяғы күйген. Ал бала күтушінің денесінің 80%-ін, соның ішінде беті-қолын, кеудесі мен арқасын, аяғын күйік шалған. Бірнеше сағаттан кейін ол ауруханада көз жұмды. Ал өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.