Қарағанды облысында үш жасар баланы 23 жастағы ер адам ұрлап кеткен болатын. Бүгін кішкентай баланың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Үш жасар баланың жоғалып кеткені жайлы 5 қыркүйекте белгілі болды. Шет аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне Бұрма ауылының тұрғыны 22 жастағы келіншек баласын ұрлап кеткені жөнінде шағымданған. Оның 23 жастағы танысы ұл баланы қолынан тартып алып, қашып кеткен.
Бүлдіршінді іздестіру жұмыстарына 200-ге жуық полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.
Өкінішке орай, бүгін баланың өлі денесі ауылдың шетінен табылған.