Шығыс Қазақстанда көлікке резеңке баллон байлап сырғанаған екі жігіт ажал құшты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі yk.kz порталына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Бесқарағай ауданында болды. Үш ер адам жолда көңіл көтермек болған. Nissan Terrano маркалы темір тұлпар мінген 19 жастағы бозбала 2001 және 2002 жылғы екі жігітті сүйрейді. Кенет олар көліктің астына кіріп кетіп, көз жұмады.
19 жастағы бозбала қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 4-бабы 345-ші «Жол ережесін бұзып, екі не одан көп адамдардың өліміне себеп болғаны үшін» тармағы бойынша сот алды тексеріс жұмыстары жүргізілуде.