Бюджеттік қаржыны қолды қылған Ресейдегі қазақ мәдени қоғамының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі НТВ телеарнасына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, Ресейдегі қазақ мәдени қоғамының басшысы Ерназар Нұриев ақша жымқырды деген күдікке ілінген. Қылмыстық іс сотқа тапсырылды.
Іс материалына қарағанда, 2016 жылы қала билігі «Алтын күз» атты қазақ ән фестиваліне шамамен 2 миллион рубль бөлген. Бірақ сол қаражат толығымен өз мақсатына жұмсалмаған. Нақтырақ айтар болсақ, келісімшарт бойынша сайыстың финалына өткендер Мәскеу маңындағы қонақүйде тұруы керек болатын. Бірақ тексеріс барысында фестиваль қатысушылар қонақ үйде тұрмаған. Ал есепте қонақүй үшін ақша төленген.
Сонымен, Нұриев 400 мың рубльді еншіледі деп күдікке ілінді.
Оның үйін тінту жүргізілу керек болған. Алайда Нұрие СОБР-дың шұғыл әрекет тобы мен сарбаздарына есік ашпаған. Сондықтан сарбаздар күш қолдануға мәжбүр болған. Пәтерден басы артық ақша табылмады, бірақ тергеушілер ол арадан қажетті басқа дәлелдер анықтаған.