Ресейде бірнеше адам қазақстандық әйелді ұрлап, зорлап кеткен. Қылмыскерлердің бірі қолға түсті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттгі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Санк-Петербург қаласында орын алды. «Оперативное прикрытие» порталының ақпаратынша, 38 жастағы әйелді бірнеше ер адам ұрлап, зорлап кеткен.
Белгілі болғандай, үш ер адам түнгі сағат екілер шамасында әйелдің үйіне баса-көктеп кірген. Сөйтіп олар жәбірленушіден 3 млн рубль (алты миллион теңгедей) ақша талап еткен. Содан кейі қарақшылар әйелді бір жаққа ұрлап әкетіп, зорлап кетіпті.
«Күдіктілердің бірін полицейлер ұстады. Ол 21 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Қазір құқыққорғаушылар оның екі сыбайласын іздеп жатыр», – делінген басылым мәліметінде.