42 жастағы Николь Элкаббас ракті емдеу үшін онлайн ақша жинауды ұйымдастырған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Полиция алаяқтық ісі туралы білген соң тергеу жұмыстарын бастады. Әйел адам кінәсін мойындамай отыр. Ал ақша жинау 2017 жылы басталған екен. GoFundMe-де оның Испанияда ота жасату үшін бірнеше аптасы ғана бары туралы жазылған-ды. Оның жағдайын жақсарту үшін қымбат аппарат қажет болған. Сондай-ақ, әйелдің аурухана төсегінде жатқан суреттері қоса жарияланған.
Тергеу барысында суреттің қуық жолдарын емдеу кезінде түсірілгені анықталды. Ал халықтан алған ақшаны саяхат, құмар ойын және т.б. ойын-сауыққа жұмсаған. GoFundMe әкімшілігі әйелге айып тағылған соң, барлық ақшаның өз иелеріне қайтарылғанын мәлімдеді.