Дүйсенбі, Қаңтар 18, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Қылмыс

«Қызымды қалай өртеді, солай өртесін» Қаратаудағы сұмдықтың мән-жайы белгiлi болды

Қаратауда кішкентай қызды өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматтың ақыл-есі кем болуы мүмкін

Мамыр 1, 2019
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қылмыс
Поделиться на Facebook

Айуандықпен өлтірілген кішкентай қыздың ісіне қатысты тың деректер шығып жатыр.

Тәртіп сақшылары бұл істі барынша құпия ұстағанымен, марқұм жеткіншектің жақындары болған жайды жасырмай жайып салды. Әрі олар Аруайды өлтірген қанішер ең ауыр жазаға кесілсін деген талап қойып отыр, деп хабарлады КТК.

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Аруайдың жақындары ауыр болса да жантүршігерлік қылмыстың қалай болғанын баяндап берді. Әкесі Мұхит Қаражігітовтың айтуынша, күдікті жеткіншекті өнер мектебінен үйіне алып кеткен. Онда не болғаны әзірге белгісіз. Небәрі 45 минуттан соң өлігі шығып отыр. Ал қаскөйдің мәйіт арқалаған жүрісі сол маңдағы дүкен камерасына түсіп қалған.

«Видеоны көрдім, қызым велосипедтің артында отыр. Сосын 45 минутта қапшықты ұстап артқа қарай өткен. Мектептің алдынан күтіп алған. Қызым момын болатын. Кішкентай қызымды білемін ғой. Оған бірдеме істеген», – дейді Мұхит Қаражігітов.

Күдікті Аруайдың әкесінің шаш алдыратын тұрақты клиенті болған. Жиі келетін кісінің жүзі таныс болғасын қаршадай қыз оған ілескен. Қаскөйдің ақыл есі кем дегенге марқұмның жақындары сенбейді. Себебі қылмысын сау адамдай сауатты жасырған дейді.

«Оның дені сау. Бәрін ойластырған. Айғақ ештеме қалмасын деп өртеп жіберген. Күртеше мен сөмкесін де таппай отыр», – дейді Аруайдың анасы Ләззат Семізбаева.

37 жастағы күдікті 8 жасар қыздың киім-кешегін үйінде, мәйітін қаланың шетіне апарып өртеген. Сөйтіп, өзі түк болмағандай жоғалған қызды туыстарымен бірге іздепті. Ал кейін ұсталған соң қыз биіктен құлап өлді деп ақталған. Оның айтуынша, Аруай тауық қорадан жұмыртқа аламын деп жазым болған. Бірақ бұған ешкім сенбейді.

«Сотталып түрмеден өмір бақи шықпасын немесе ату жазасын берсін. Болмаса халықтың алдына беріп, қызымды қалай өртеді, солай өртеу керек. Не істеп қойды менің қызымды өртеп тастайтындай. Сот жабық түрде өтеді екен, мен соттың ашық түрде өткенін қалаймын», -дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

Күдіктінің жары бар, баласы жоқ. Қазір бұл үйдің ауласына күзет қойылған. Себебі күдіктінің әйеліне қастандық жасалуы мүмкін деген қауіп бар. Үй иесі бет-жүзін көрсетуден қысылды. Оның айтуынша, күйеуі 10 жылдан бері психдиспансерде тіркеуде тұр. 27 жастағы келіншек жолдасының жазықты екеніне сенбейді.

«Осындайға баруы мүмкін емес деп ойлаймын. Ештеңе айтқан жоқ, ештеңе білдірген жоқ, мен өзім таңғалып тұрмын», – дейді ол.

Бұрын ұсақ ұрлық жасағаны үшін сотталған күдікті, екі айға қамауға алынды. Тәртіп сақшылары Аруай басына қатты тиген соққыдан өлген дейді. Оған зорлық жасалған, жасалмағаны әзірге айтылмады.

Еске салсақ, Қаратауда жоғалған екінші сынып оқушысының өртелген өлі денесі табылған болатын. Күдікті үш күннен кейін ұсталды.

 


Загрузка...
Келесі жаңалық

Өз - өзіне қол жұмсаған Талғарлық оқушы хат жазып қалдырған

ҰқсасЖаңалықтар

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
298
Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады
Денсаулық

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Қаңтар 17, 2021
105
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Ақша

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады

Қаңтар 17, 2021
25
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
807
Түрмеде тұтқынды су қайнатқышпен зорлап тастады. Әпкесі көмек сұрайды
Қазақстан

Түрмеде тұтқынды су қайнатқышпен зорлап тастады. Әпкесі көмек сұрайды

Қаңтар 17, 2021
286
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
567
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Өз - өзіне қол жұмсаған Талғарлық оқушы хат жазып қалдырған

Өз - өзіне қол жұмсаған Талғарлық оқушы хат жазып қалдырған

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
3.3k
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
807
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
567
«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
298

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
298

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Қаңтар 17, 2021
105

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады

Қаңтар 17, 2021
25

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
807

Түрмеде тұтқынды су қайнатқышпен зорлап тастады. Әпкесі көмек сұрайды

Қаңтар 17, 2021
286

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
567
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.