Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Қуанышбек Ысқақов тағайындалды, деп хабарлайды Neonomad.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ысқақов Қуанышбек Досмайылұлы Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын», -делінген хабарламада.
Ал Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев болса бүгіннен бастап президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
Ысқақов 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын – инженер-құрылысшы, Қызылорда политехникалық институтын бухгалтер-экономист, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
2015 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы лауазымында болды.2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.