Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданының атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Neonomad.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын», – делінген жарияланған жарлықта.
Аталмыш аудан 1936 жылы 29 маусымда Қостанай облысының құрамына енгізілген кезде құрылған болатын.
Таран ауданы Қостанай облысының батыс жағында орналасқан. Оның солтүстігі Ресей Федерациясының Челябі облысымен, Федоровка, Қостанай аудандарымен шектесіп жатыр, ал шығыс жағы Әулекөл ауданымен, оңтүстігі Қымыстымен, батысы Денисовка аeданымен шектесіп жатыр. Ауданның жалпы көлемі 7, 6 мың шаршы метрді құрайды.