Қостанай облысы Әулекөл ауданының әкімі 7 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап.
«Қостанай облысы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Департаменті Әулекөл ауданы әкімінің пара алу фактісін тіркеді. Ол дедалдар арқылы 7 млн теңге пара алды деп күдіктелуде. Аудан әкімі аталған сомма үшін мектеп ғимаратын толықтай жөндеу жұмыстарына қатысты мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қою мен бизнес субъектісін өз қамқорына алу керек болған», – дейді Арман Бердалин.
Белгілі болғандай, ұсталу барысында аталған сомма жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне тапсырылған. Әкім өз кінәсін мойнына алды.