Жамбыл облысында тағы бір парақор ұсталды. «Қазпошта» филиалының басшысы бір адамды жұмысқа қабылдау үшін ақша талап еткен, деп хабарлайды Neonomad.kz KTK сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш өңірдің бас пошташысы пара алу үстінде қолға түсті. Тергеу мәлемітенше, күдікті бір адамды жұмысқа аламын деп көмекшісі арқылы 250 мың теңге талап етеді. Бірақ олардың жоспарына жемқорлықпен күрес агенттігі кедергі болған. Пара алу үстінде қолға түскен пошта басшысы сол жерде-ақ кінәсін мойнына алған. Мұнысын ескерген құзырлы орган пошташыны бостандыққа жіберген. Сондықтан оның жазасы да жеңілдеуі мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.