Сейсенбі, Сәуір 13, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Қазақстанда жаңа оппозиция: «Біз билікпен жауласу үшін құрылған жоқпыз»

Шілде 13, 2019
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Президент, Саясат
Поделиться на Facebook

«Біз жеке адаммен емес, жүйедегі жемқорлықпен күресеміз», – дейді Бэлла Орынбетова бізге берген сұқбатында. Ол «Re» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, танымал журналист және қоғам белсендісі. Елде, қоғамда болып жатқан оқиғаларға байланысты өз көзқарасын білдіріп, жаңа құрылған оппозициялық жаңа қозғалыстың мақсатын айтып берді. 

Жаңа қозғалыс: Республика туралы

— Неге қозғалысыңызды «Ре» (Республика) деп атадыңыз?

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Президент: Сайлаудан кейін Парламентте әртүрлі партия болады деп ойлаймын

 – Шыны керек, қозғалыстың атын таңдауда өз арамызда талқылау көп болды, бір ай бойы атаусыз жүрдік. «Республика» болған себебі: біздің бағытымыз да ұқсас, біз социал – демократтармыз. Біздің басты құндылығымыз бұл адам және адамдардан құрылған республика. «Ре» деген себебіміз – қазіргі кезде бізге реорганизация, реконструкция қажет, сол секілді бұл да «қайтадан жасаймыз» дегенді білдіреді.

— «Ре» қозғалысының бағдарламасында саясаттан басқа, тереңде жатқан қарапайым халықтың мыңсан проблемасын шешу жолдары қарастырылған ба? Сіздің тобыңызда экономиканы түсінетін адам бар ма?

 – Біздің тобымызда экономисттер де, саясаткерлер де, IT-мамандары да бар. Олардың бәрі өз ісінің шеберлері. Айтып кеткенімдей, біздің тобымызда 15 адам бар, олар әртүрлі салалардан және өздерінің бағыттарында жетістікке жеткен адамдар. Дәл осы 15 адам ғана қалады деп айтпаймыз, тағы жас мамандарды аламыз. Біздер тек халық пен үкіметтің арасындағы көпірміз. Біздің ұстанымымыз – Халық!

— Сіздердің ашық түрде биліктің жұмысын жоққа шығарып жүрсіздер. Ол елді қорқытуы мүмкін деп ойлайсыз ба? 

– Егер сіз біздің бағдарламамызды оқысаңыз, ол жерде тек бүгінгі күнге жасалған жоспар емес, барлық салалардың қарқынды дамуын қарастырады.   

Көпбалалы аналар митингі туралы

— Көпбалалы отбасылардың сұрап тұрған талаптары дұрыс деп ойлайсыз ба? 

– Ең бірінші көшеге шыққан әйелдердің қасында мен өзім де болдым, олардың арасында қандай әйелдер болатынын көрдім. Аналар жиналған жерде міндетті түрде провокатор әйелдер болады. Бірақ біздер көпбалалы отбасылардың мүддесін қорғаушы Мейрам Ханжабекпен сойлескен кезде, ол кісі көпбалалы  отбасылардың сұрайтыны – жеңілдіктер беру, балаларының тегін оқуы, бірақ «маған пәтер бер, ақша бер»-деп сұрамайды. Олардың ешқайсысы қолқусырып отырған жоқ. Аудандарға, ауылдарға барған кезде олардың жағдайын көрдім. Үйдің ішінде етікпен жүр, столдың үстінде бір бөлке нан тұр, бұл олардың бір кешкі асы. Олар 12 мың теңгені бір айға жеткізулері қажет. Олар қалай өзінің балаларына жағдай жасайды? Қалай білім береді? Қазіргі кезде олардың саны көп, бірақ болашақта одан да көбеюі мүмкін. Олардың митингіге шығып сұрап тұрғандары тек қана жағдайын жақсарту!

Митинг өткізу мәдениеті

— Еліміздегі болып жатқан митингіге шығу мәдениеті және талаптары туралы не айта аласыз?

– Иә, біздің елімізде митингке шығу мәдениеті жоқ. 9-12 маусым  күндері 4000 шамасындай адам ұсталып, көшеге шыққандар одан да көп болды. Бірақ олардың мүліктеріне зақым келген жоқ. Адвокат Абзал Құспан айтқандай, ешқандай стакан сынған жоқ. Басқа елдерде де митинг болып тұрады, бірақ оларды ешкім қысымға алып жатқан жоқ. Ал бізде адамдар көшеге шықса, олардың дұрыс талаптары жоқ. Себебі митинг мәдениеті бізде қалыптасып үлгерген жоқ. Адамдар наразы, бірақ қалай жеткізерін білмейді. Көшеге шықса Аблязовтің саясатын қолдаушы деп қысым көрсетеді. Митингіге шығатын адамдар саяси сауатты болуы қажет. Қазіргі халыққа қатысты әрекет болса, алғашқы қадамы ол митингтерді заңдасытру,  1-2 жерді митингке бөліп қою емес, тиісті түрде рұқсат беру. Өрт сөндіру машиналарын, жедел жәрдем машиналарын алып келсін, бірақ әскерді емес.

Сайлау және талаптар

— Келесі сайлаудың әділетті өтетініне сенесіз бе?

– Егер қазір құрылған ұйымдарға мүмкіндік беретін болса, иә, әділ өтетініне сенемін. Ал қазіргі жағдайда ешқандай қозғалыстарға, митингтерге мүмкіндік бермей, оларды тіркемей, елемей әділетті сайлау өтетініне сенбеймін. Себебі қазір халықтың шынайы мүддесін қорғайтын, жеткізетін бірде бір партия жоқ. Сайлаудың әділетті өтуі үшін адамдарға халықтың өкілдерін жіберуге мүмкіндік берсін.

— Сіздің бұл сайлаудағы талаптарыңыз радикалды деп ойлайсыз ба?

– Мен барлығы радикалды деп айта алмаймын. Әрине, 8 талаптың бір-екеуіне көндікпеуі мүмкін. Дауыстарды қайта санайтын болса, басқа президент отыруы мүмкін. Адамның құқығын қорғау менің ойымша радикалдыққа жатпайды. Бұл талаптар тек біздің шығарғанымыз емес, біз халықпен сөйлестік. Олар неге шықты, өкінеді ме, жоқ па, соның бәрін сұрадық. Халық жайдан жай көшеге «жағдай жаман» деп  шыққан жоқ. Олардың да ішінде наразылық бар. Біз сол талаптарды жеткіздік.

Халық наразылығы

— Сіздің ойыңызша АЭС және митинг мәселелері бойынша, халық талаптарын билікке жеткізе алды ма? 

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқандары қол астындағы адамдарға жетпей жатқан сияқты. Иә, адамдарды босатты, бірақ айыппұлдарын ешкім шешкен жоқ. Қаншама адамдар сотқа апелляцияға беріп жатыр, бірақ сот олардың айыппұлдарын алып, кешірім сұрап, қателіктерін мойындамады. Егер кешірім сұраса, мен «билік өз аяғын артқа тартып, өзгерді» деп ойлар едім. Референдум деп айтады, бірақ  шынында баспасөзге қысым жасалып жатыр ғой. Бұл халықты дайындау, бұрынғы саясатынан бас тартқан жоқ.

Жас бала «елбасына ескерткіш тұрғызайық, жастардың бәрі қалайды», – дейді. Бұл бір баланың ісі емес қой, биліктің жасап отырған саясаты. Адамдарды бөліп, жіктеу әлі болып жатыр. Үкімет халықты жынысына, топтарға, партияларға бөледі. Шыны керек, үкіметке сенім жоқ. Биліктің өзіне келетін болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев халық егер көтерілетін болса, митингіге шыққан болса онда олардың еркі деді. Бірақ істеріне қарай отырып, ол халық үшін бірдеңе істейді деп сенбеймін.

— Болашақтағы Казақстанның саясатын қалай елестетесіз?

– Егер армандайтын болсақ, үкімет басында халық азаматы отыруы. Егер халықтың өзінің адамы шығатын болса, халықтың жағдайын дұрыстауға тырысады. Өзінің адамдарына қарсы қару көтеріп, қарсы шықпайды. Саясатты халық өзі шешу керек, олигархтардың жабық есіктің артында отырып шешетін мәселе емес. Егер халыққа еркіндік беретін болса, мүмкіндік беретін болса, адамдар баласына киім алып беру үшін кредит алмайды, жемқорлық болмайды, оқу орындары да тегін болады. Біз жастар қозғалысын билікпен жауласу үшін құрған жоқпыз, біздің бағдарламада радикалды ештеңе жоқ. Біздің бағдарламамызды көретін болсаңыз, біз жеке адаммен емес, топпен емес, жүйедегі жемқорлықпен күресеміз. Оппозиция дегеннен қорқудың керегі жоқ, бізбен өштесіп, бізден жау жасаудың керегі жоқ.   

Бэлла Орынбетованың бізге берген сұқбатының бірінші бөлімін оқыңыз. Онда кейіпкеріміз, өткен президенттік сайлау, Қосановтың сатқындығы, сайлауда жүрген тәуелсіз бақылаушылар және көпбалалы аналардың қойған талаптарына пікір білдірді. 

Тегтер: Әміржан ҚосановҚазақстан жаңалықтарыҚасым Жомарт Тоқаевмитинг
Бөлісу151ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қытай лагерінде болған қазақ қызы: «Тоқпен ұрып талдырған кездер де болды»

Келесі жаңалық

Той кортежінің көлігі «жедел жәрдемге» жол бермей, апатқа ұшырады – Қостанай (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
799
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
762
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
892
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
363
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Той кортежінің көлігі "жедел жәрдемге" жол бермей, апатқа ұшырады – Қостанай (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
856
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k
Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді еденге лақтырған (видео)
Басты жаңалықтар

Өскеменде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді еденге лақтырған (видео)

Наурыз 4, 2021
119
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
892

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
799

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
762

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
892

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
131

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.